Тақырыбы: Бауырсақ ертегісі
Мақсаты: Ертегі, әлеміне қызығушылығын қалыптастыру.
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Әңгімелесу:
Балалар, бүгін ерекше күн, бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой!
Ал, қанекей, бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Балалар: Сәлеметсіздер ме апайлар!
- Сендерге жақсы сөздер айтқанды жақсы көресіңдер ме?
Ал енді, шеңберге тұрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық. (Балалар алақандары арқылы бір-біріне жылы сөздерін жеткізеді.)
Балалар шеңбер бойында тұрады.
- Ботақандарым менің жарайсыңдар!
- Балалар, сендер балабақшада осы сөздерді күнде айтып жүріңдер.
- Енді орнымызға отырайық. (Балалар орындарына отырады)
Тәрбиеші: Балалар қане есімізге түсіріп көрейікші, ертегілердің басы қалай басталады?
Балалар: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де , Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір тұрыпты , Ерте-ерте, ертеде кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды және. т. б
- Ал балалар ертегі әлеміне саяхат жасайық.
- Ертегілер әлеміне бару үшін қандай көлікпен барайық?
- Пойызбен барайықшы, тез жетеміз
(пойыздың дауысы естіледі)
- Біз ертегі әлеміне келдік, қане жайғасып отырайық.
Бүгін қандай ертегіні тамашалайтындарыңды білу үшін сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
1. Өзі қу, жүрген жері айқай – шу. (түлкі)
2. Далада жұр шапқылап, керемет тым саққұлақ,
Тек есектен басқа да, оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)
3. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)
4. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю)
5. Өзі қып-қызыл болып піседі
Күнге ұқсас келеді. (бауырсақ)
- Сонымен балалар, бұл кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі екен?
Тәрбиеші балаларға Бауырсақ ертегісін еске түсіруін ұсынады.
Балалар мазмұнын айтып береді.
Тәрбиеші Бауырсақ ертегісін қуыршақ театр арқылы қоюын ұсынады.
Балалар қуыршақтарын алып ертегіні сахналайды.
Автор: Малика
Ата: Мансур
Әже: Айша
Бауырсақ: Айбар
Қоян: Ақмерей
Аю: Арсен
Түлкі: Жансая
Балалар мадақталып, қонақтармен қоштасады.
Балалар шеңбер құрайық,
Қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау, саламат болайық!