Шоқан өмірі туралы деректер

Скачать

Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Нұржанова Айнұр Зиядинқызы

Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин Бала Шоқан әңгімесі
Сабақтың мақсаттары: 1) білімділік: Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру;
2) дамытушылық: оқушының білім, білік, іскерлік дағдыларын дамыту, ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу;
3) тәрбиелік: Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық және этнографиялық білім беру.
Сабақтың типі: жаңа білімді жетілдіру
Сабақтың түрі: ақпараттық, талдау сабағы
Сабақтың өту әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, шығармашылық, топтастыру, эвристикалық, СТО тәсілдері.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Шоқан портреті
2. Шоқан салған суреттер
3. Шоқан жасаған карта
4. Шоқанның ата - тегі
5. Семантикалық карта
6. Шоқан жайлы лебіздер кітапшасы
7. Шоқан туралы кітаптар көрмесі
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, география.

Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма.
6. Оқушыларды бағалау.
7. Сабақты қорытындылау.
Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І топ – Зерттеушілер
1. Шоқан өмірі туралы деректер
2. Шоқан өмірі туралы деректер
3. Шоқан еңбектері.

ІІ топ – Сарапшылар
Шоқанға, Мысыққа, Жақыпқа мінездеме беріледі
1. Шоқан - қайырымды, әділ, уәдеге берік, өнерді құрметтейді.
(Үйіне әкеліп тамақ береді, киім береді, сотқар інісінен қорғайды, Мысықтың өнерін бағалайды).
2. Мысық - өнерлі, зерек (мүсін жасайды, зерек)
Қандай мүсіндер жасайды? (түйе, қой, құс, пәуеске)
Зеректігін қайдан білдің? (Көргенін ұмытпайды)
Кітаптан оқып жіберші?
3. Жақып - тентек, сотқар (Үйіне келген баланы мазақ етеді, Мысықтың мүсіндерін сындырып тастайды)

ІІІ топ – Шығармашыл топ
Көрініс қою
Сахналық көрініс, рөлмен ойнау. (Әңгіменің І бөлімі: Бала Шоқан, Мысық, Жақып)
Шоқан: - Ей, Мысық, аман ба? Мына ойыншықтарды кім істеді?
Мысық: - Өзімдікі, өзім істедім.
Шоқан: - Бермейсің бе?
Мысық: - Иә, бермеймін!
Шоқан:- Ей, Мысық немене, өзің сонша қорқақсың? Алмаймын, көрейін!
Мысық: - Жоқ, сенің құнаның бар, алып қашып кетесің. Мен жаяумын. Кеше әлгі бір тентек бала өзімді сабап кетті. Сен тимейсің бе?
Шоқан:- Жоқ, мен алып қашпаймын. Тек көремін.
Мысық: - Рас айтасың ба?
Шоқан: - Сен, немене мені жатырқап қалғансың ба? Сен мына ойыншықтарыңды маған бересің бе?
Мысық: - Жоқ, бермеймін, кешегі балалардай сен алып қашасың!
Шоқан: - Қорықпа, мен тимеймін. Қане, көрсетші, өзің ұстасың ғой! Ақысына не аласың, маған ана балшық атыңды берші.
Мысық: - Не бересің, бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?



Скачать


zharar.kz