Ескен Елубаевтың өлеңі
Болам десең космонавт,
Қиын өнер ол , - деді.
Әкем: Осы бастан - ақ
Есепке алғыр бол , - деді.
Болу қиын космонавт,-
Деп, ағам да толғады,-
Шынық осы бастан - ақ,
Спортсмен бол - дағы .
Айтты және анам да:
Жігерлі бол, оқы көп.
Космонавт шықпас адамнан
Жүрегіңнің оты жоқ .
Айтылғаннан осынша
Мынау менің түйгенім:
Болу үшін космонавт
Жөн екен көп білгенім.
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері