Оқушылардың бата жайлы алған білімдерін толықтыру

Скачать

Ана тілі 1 сынып
Тақырыбы: Ақсақалдың ақ батасы (презентациясымен)
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың бата жайлы алған білімдерін толықтыру.
Қазақстанның халық жазушысы — Мұзафар Әлімбаев жайлы түсінік бере отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу, мағынасын түсіндіру. Жуан және жіңішке жұп дауысты дыбыстардың түрін ажырата білуге үйрету. Қала аттарын жаттату.
2. Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты жүйелі түрде іздену, бата түрлерін ажырату, тың материалдар жинау арқылы оқушылардың ойын дамытып, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелік: Батаны өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа, салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнелі суреттер, плакаттар, слайд дидактикалық материалдар.
Сабақтың типологиясы: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың формасы: Сыныптағы жүйелі сабақ
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, Дүниетану, Математика, Музыка.

Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру. (Саяхатқа дайындық)
2. Психологиялық дайындық.
3. Ой ашар:
Жаңа білімді хабарлау
а) интерактивті тақтамен жұмыс.
ә) Проблемалық ізденушілік.

4. Ой қозғау:
а) Дәптермен жұмыс.

5. Ой толғаныс.
а) Топпен жұмыс.

6. Сабақты қорытындылау. (Рефлексия)
7. Бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.


Скачать


zharar.kz