Бұрыс бөлшек тобының сұрақтары

Скачать

Сыныбы: 5
Ашық сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосу (математикалық ойын сабағы)

Сабақтың мақсаты:
1) Аралас сандарды қосу кезіндегі оқушылардың білімдерін жүйелеу
2) Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру
3) Өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Көрнекілігі: таблицалар, дидактикалық материалдар, тест, бағалау парағы, флипчарт, Activevote тестілеу құрылғысы, презентация
Сабақтың барысы:
І кезең. Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру.

ІІ кезең. Ойынды өткізудегі мақсаты (ойынның түрі, ережесі, т. б. шартымен таныстыру)
Балалар біз өткен сабақта Аралас сандарды қосу тақырыбын өтіп, есептер шығардық. Үйге тапсырма берілді. Мен сіздерге екі параққа шығарып жазып келіңдер дедім. Қазір соны жинап бере қойыңдар. Мен сабақ барысында тексеріп, қайта таратып беремін.
Сабағымызды бастамас бұрын бізде алда қандай мейрам келе жатыр? Дұрыс айтасыңдар ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл. Осы мерекеге байланысты осы елдің патриоттары ретінде әнұранның бір шумағын орнымыздан тік тұрып орындап жіберейік. (Әнұран орындалады.)
Жарайсыңдар балалар!
Енді бүгінгі сабағымыз математикалық ойын түрінде өтеді, яғни жай бөлшектер, дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар ұғымдарын, ережелерін қайталап, бекіту сабағын өтеміз.
Сабағымыз ойын түрінде өтетін болғандықтан, 3 топқа бөліндік. Әр топтың өз эмблемасы, ұраны, таныстыруы бар, соларды айтып шығамыз.
1 - топ - Дұрыс бөлшек тобы
2 - топ Бұрыс бөлшек
3 - топ Аралас сан

Енді ойынның шарттарымен таныстырамын, мұқият тыңдаймыз.

Дұрыс жауап – 5 ұпай бес бұрыш
Толық емес жауап – 3 ұпай үшбұрыш
Қате жауап – 0 ұпай
Ойын соңында осы ұпайларды есептеп, жеңімпазды анықтап, сіздерді бағалаймын.
Ойын 5 бөлімнен тұрады.

І бөлім. Кім жылдам? сұрақтарға жауап беру.
Әр топқа 5 сұрақтан беріледі.
Дұрыс бөлшек тобының сұрақтары
1. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
2. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
3. Бөлімдерді бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?
Бұрыс бөлшек тобының сұрақтары
1. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
2. Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
3. Әріптердің көмегімен бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу ережесін жазып көрсет.



Скачать


zharar.kz