Тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, токтың жұмысы мен қуатының өрнегін қорытып шығару, Джоуль – Ленц заңы тұжырымдамасымен танысып, эксперименттік тапсырмалармен есептеулер жүргізу арқылы білімдерін бекіту, теориялық білімін практикада пайдалануға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрістерін дамытып, белсенділіктерін арттыру, пікір алысып, өз білімдерін өздері бағалай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ процесінде қолданылатын электрлік
қондырғылар арқылы зерек болуға, жұмыс істеу арқылы
еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикалық, қайталау, СТО.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау, жүйелеу, жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ жоспарына сәйкес слайдтар, тәжірибелік қажетті құрал - жабдықтар: амперметр, вольтметр, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын электро - техникалық заттар.
Сабақтың барысы:
I. А) Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру)
Б) Сабақ барысымен таныстыру: Балалар, бүгін сабақта сендер берілген сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабаққа қажетті формулаларды өздерің қорытып шығарасыңдар және алдыларыңдағы жауап парағына әрбір сұраққа жауабын жазып, экранға шыққан жауаппен салыстырып, (+), (-) таңбаларын қойып отырасыңдар, сабақ соңында жинаған баллдарыңа байланысты баға аласыңдар.
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Сұрақ: 1) Балалар, алдыларыңда өлшейтін қандай құралдар тұр?
Жауап: Амперметр, вольтметр.
Сұрақ: 2) Амперметрмен қандай физикалық шаманы өлшейміз?
Жауап: Ток күшін
Сұрақ: 3) Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
Жауап: Тізбектей
Сұрақ: 4) Вольтметрмен қандай физикалық шама өлшенеді?
Жауап: Кернеу
Сұрақ: 5) Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
Жауап: Параллель
Сұрақ: 6) Өткізгіштерді жалғаудың қандай түрлері бар?
Жауап. Тізбектей және параллель
Сұрақ: 7) Тізбектей жалғау кезінде қандай физикалық шама бірдей болады?
Жауап: ІЖ= I1=I2
Сұрақ: 8) Тізбектегі жалпы кернеу неге тең?
Жауап: Uж=U1 +U 2
Сұрақ: 9) Жалпы кедергі неге тең болады?
Жауап: RЖ=R1 +R2
Сұрақ: 10) Өткізгіштерді параллель жалғау кезінде қандай физикалық шама барлық бөлікте бірдей болады?
Жауап: Uж=U1 =U 2
Сұрақ: 11) Ток күші неге тең болады?
Жауап: ІЖ= I1 + I2
Сұрақ: 12) Жалпы кедергі неге тең болады?
Жауап: RЖ=R1R2 R1 +R2
Сұрақ: 12) Ток күші деген не?
Жауап: Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақытқа қатынасымен анықталатын физикалық шама.
Сұрақ 13) Электр кернеуі деп нені атайды?
Жауап: Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасымен анықталатын физикалық шама.