Жiктiк жалғау. Астана
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға жалғау түрлері, олардың жасалу жолдары, туралы жалпы түсінік беру, сөйлем ішінен жалғау түрлерін ажырата білуді үйрету және әртүрлі тапсырма түрлерін орындата отырып жалғау түрлерін меңгерту. Астана қаласы туралы білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық: сөздерді жіктеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ауыз – екі сөйлеу тілдерін дамыту, өз бетінше шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз Отанын қорғай білуге, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, оқулық, сөздік, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, тексеру, талдау, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, ізденіс, кесте бойынша жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқытушы: - Сәлеметсіздер ме?
- Сәлеметсіз бе
- Қазiр қандай сабақ?
- Қазақ тiлi сабағы
- Бүгін нешесі?
- Бүгiн қазанның он жетiсi
- Аптаның қай күнi?
- Бүгiн сәрсенбi
- Сәрсенбi орыс тiлiнде қалай аталады?
- Сәрсенбi орыс тiлiнде - среда
- Сәрсенбi қазақ халқы үшiн қандай күн болып есептеледi?
- Сәрсенбi қазақ халқы үшiн сәттi күні болып есептеледi
- Сәттi күн сөзiнiң орыс тiлiндегi аудармасы қалай?
- Сәрсенбi сөзiнде қазақ тiлiне тән қандай дыбыстар бар?
- Сәрсенбi сөзiнде қазақ тiлiне тән ә, і дыбыстары бар
- Тағы қандай қазақ тiлiне тән дыбыстар бар?
- Келесi қазақ тiлiне тән дыбыстар: ә, ө, i, ү, ұ, қ, ғ, ң, һ
- Дұрыс, жақсы.
- Олай болса, сiздермен атап отырған қазақ тiлiне тән 9 дыбыспен фонетикалық жаттығу орындайық.
Ә - әтеш, әже, әке, әлем
I - iлiм, iнi, iс
Ө - өгiз, өрнек, өтiрiк
Ұ - ұя, ұл, ұлы, ұлағатты
ғ - ғарыш, ғалым, ғылым
Һ - гауһар, жаһан, айдаһар
Ң - аң, оң, аңыз, қоңыз
Қ - қоғам, құс, құдық
Фонетикалыққ жаттығуды жүргiзудегi себебiмiз, оқушылардың сабаққа деген зейiнiн жинақтау, әрi қазақ тiлiне тән дыбыстарды дұрыс айтуға, сөз арасында дұрыс қолдана бiлуге, шапшаңдыққа, нақтылыққа үйрету.
үй жұмысын пысықтау үшiн қоғам, құс, құдық сөздерiн септеу және осы сөздермен ауызша сөйлем құрастыру.
А. с. қоғам, құс, құдық
I. с. қоғамның, құстың, құдықтың
Б. с. қоғамға, құсқа, құдыққа
Т. с. қоғамды, құсты, құдықты
Ж. с. қоғамда, құста, құдықта
Ш. с. қоғамнан, құстан, құдықтан
К. с. қоғаммен, құспен, құдықпен
- Ал, ендi балалар, бүгiнгi сабағымыздың тақырыбы Жiктiк жалғауы
Жiктiк жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөзбен сөздi байланыстырып, қарым - қатынасқа келтiрiп тұрады
Жiктiк жалғауы жалғанған сөз үнемi баяндауыш қызметiнде жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысып келедi. Жiктiк жалғауы баяндауыш қызметiнде келетiн барлық сөзге, сан есiмдерге де, тiптi жеке әрiпке де жалғанады. Сөздерге жiктiк жалғауы үш жақта I, II, II, III жақта және жекеше, көпше түрде жалғанады.
Мысалы: Мен инженермiн. Сен инженерсiң. Сiз инженерсiз. Ол инженер.
Бiз инженермiз. Сендер инженерсiңдер. Сiздер инженерсiздер. Олар инженер.
Жiктiк жалғаудың жалғану тәсiлi:
Ж. Қизатов атындағы
Есіл ауылшаруашылық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Шакирова Гульяра Балгабаевна