Жұмыр жердің төскейінде тал бесікті тербетер - Аналарды қадірлей біл, көкейіңнен құлатпа

Скачать

Байқоңыр қаласы
К.Э.Циолковский атындағы
№2 жалпы білім беретін орта мектебінің
8 сынып оқушысы Абсалықова Гүлнұр
Ұстазы Жакупова Алмагуль Байдуллаевна

Ару анама
Аппақ жүзін күн сәулесі аймалайды ананың,
Ару-ана шамшырағы тіршіліктің, даланың.
Мейірімі таусылмайтын сұлулықтың кәусары –
Аналарға тағзым етіп жаңғырады сана мың.
Ақша бұлттар алаулаған ақ мамықтай құшақта,
Табиғаттан өзге нәрсе сұлулыққа ұқсап па?
Жұмыр жердің төскейінде тал бесікті тербетер –
Аналарды қадірлей біл, көкейіңнен құлатпа!


Скачать


zharar.kz