Сабақтың атауы: Ә. Дүйсенбиев. Шырша жыры
Сабақтың тақырыбы: Шырша жыры.
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнын меңгерту, негізгі идеясын ашу, балалар жазушысы М. Төрежанов туралы қысқаша мәлімет беру. Шырша жырын әуенімен айтуға жаттығу, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыта отырып, сыйластыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: топпен жұмыс.
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Тату - тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты.
Көп білуге құштармыз біз,
Жақсы оқимыз сабақты.
Мағынаны тану
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында жаттығу есебінде жаңылтпаш жатқа айтылады.
IX. Ұжымдық жұмыс.
Сөзжұмбақты шешу.
1. Адам аты. 2. Аяз атаның серігі. 3. Соңғы жыл атауы. 4. Жаңа жыл көркі. 5. Жыл атауы. 6. Жыл басы. 7. Аяз ата дорбасындағы зат.
Шешкеннен кейін ар жағынан шыршаның суреті шығады.
Оқушылар Шырша жыры әнін айтатынын бірден тауып алады.
Ой қозғау: - Жаңа жылға дайындығың қандай?
(Оқушылардың ой – пікірі тыңдалады.)
X. Аяз атаның 5 - тапсырмасы:
М: - Әннің сөзін жазған: Ә. Дүйсенбиев, әнін жазған: Л. Хамиди
Шырша жырын әуенімен айтуға жаттық. Әр топ бір шумақтан айтып шығады.
(Топ басшысы ұпай береді және әр топқа жұлдызша беріледі)
XI. Топпен жұмыс. Аяз атаның 6 - тапсырмасы:
Алғырлар тобына: Шырша туралы мәтінін құрастыру.
Білгірлер тобына: Шырша туралы қандай тақпақ білесің?
Тапқырлар тобына: Шырша туралы қандай жұмбақ білесің?
(Жауап берген оқушыларға топ басшысы ұпай береді және әр топ жұлдызша алады.)
XII. Сабақты бекіту.
- Мәтіннің авторы кім?
- Қандай шығармасымен таныстық?
- Мәтіннің негізгі түйіні:
Біреуге жасаған жақсылығыңды, қамқорлығыңды ел айтсын!
Бір – біріңе жақсы тілек айт.
Ә. Дүйсенбиев. Шырша жыры. жүктеу