Әріпті тану және ажырату, оны дыбыспен сәйкестендіру

Скачать

Сауат ашу 1 сынып
Тақырыбы: Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі
Оқу мақсаты: 1. 2. 1. 1 сөз сөйлем сызбасын оқу
1. 2. 4. 1 Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату
1. 2. 9. 1 Әріпті тану және ажырату, оны дыбыспен сәйкестендіру
1. 3. 8. 1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Басы Бір, екі, үш,
Сынып іші тып - тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
- Өткен сабақта біз қандай әріппен таныстық?
- Ол қандай дыбыс?
- Тақтайшаларыңа жазып көрсетіңдерші бұл әріпті.
Буындар жазу: ды ыс ты ры сы шы ны уы
Жұмбақ
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
- Ол кім? (ата)
(ата туралы тақпақ айтады)
Ата
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалын салалап.
Құмарымды тарқатам,
Жер мен көкті аралап.
Ертегілер еліне,
Бір шегетін сапары,
Ардақтаймын өмірде,
Асқар таудай атамды.

Аймалайды күнім деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті – ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп.
- Ол кім?(Әже)
(әже туралы тақпақ айтады)
Менің әжем.
Маған ақыл беретін,
Әжем менің асыл жан,
Сипап жақсы көретін,
Құлыным деп басымнан.
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді,
Ертегі айтып беретін,
Әжеге ешкім жетпейді.
Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
- Ол кім? (Әке)
(әке туралы тақпақ айтады)
Әке
Атам айтса Ұлым деп,
Әжем айтар Күнім деп,
Екеуінен қаймығып,
Айтады әкем Інім деп.
Ықыласы бір менде,
Бір шытпайды қабағын.
Үйде, түзде жүргенде,
Соған ұқсап бағамын.

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;
Аялы қолда талпынтқан;
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан;
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Қаймақты сүттей қалқытқан;
Суық болса жөргегін,
Қорғасындай балқытқан;
- Бұл кім? (Ана)
Аналарың туралы не айтасыңдар?
(ана туралы тақпақ айтады)
Анамызға мың алғыс
Аялаған, баптаған,
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Анамызға мың алғыс!
- Жұмбақта кімдер туралы айтылған? Әке, ана, ата, әже
(сөздерді орысша, ағылшынша айтады)
- Отбасы туралы әңгімені бекер көтермедің, себебі
- Ортақ тақырып Менің отбасым деп аталады
№1 тыңдалым
- Суреттегі кімдер? (Мерей мен Әли)
Екі оқушы диалогті оқиды.
2 оқушы диалог жүргізу арқылы өз отбасымен таныстырады. Сұрақтар қою арқылы отбасы туралы әңгіме жүргізіп, отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік туралы ойларын қорытындылайды.
Сергіту сәті:
Ағылшынша My family әнін тыңдайды.

Ортасы
1)- Қандай әріппен танысатынымызды білу үшін мына дыбысты тыңдаңдаршы
(Мысықтың даусы естіледі)- Бұл не?
- Қандай дыбыс шығарды? (Мяу)
- Мысық сөзі қандай дыбыстан басталады?
- Ол қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Неліктен? (оқушылардың жауабы) ЭО тыңдау

Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп - МДШО КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Бармакова Т.
Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі жүктеу
М дыбысы мен әрпі слайдты жүктеу


Скачать


zharar.kz