Қыстырма сөзді тап

Скачать

Тақырыбы: Қыстырма сөз
Мақсаты: 1. Қыстырма сөздің сөйлем мүшесі болмайтындығы т. б қасиеттерімен тереңірек таныстыру. 2. Өтілген тақырып пен жаңа сабақты ұштастыра отырып, сөздік қорларын, жазу дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Білімге, ізденуге деген құлшыныстарын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ интерактивті технология
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кесте, карта, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды оқушы ережесіне сай отырғызу.
- Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
- Қонақтардың келу мақсатын айту.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
- 188 – жаттығу Өлеңді жатқа айт.
- Біріңғай мүшелерді тап.
- Қарамен жазылған сөздің қандай сөз екенін айт.
- Оның алдына үтір қойылу себебін түсіндір.
Ой шақыру стратегиясы:
- М. Хакімжанова кім?
- Қандай шығармаларын білеміз?

Топтастыру стратегиясы:
М. Хакімжанова

Ақын
Көктем жыры
10 көркем очерк
100 өлең
Жазушы
Мәншүк поэмасы

ІІІ. Өткен сабақты бекіту
Ұяшық таңдау әдісі арқылы: Кесте №3
№1 Сөйлем мүшелері деген не?
№2 Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
№3 Тұрлаулы мүше деген не?
№4 Тұрлаусыз мүше деген не?
№5 Сөйлемнің біріңғай мүшесі деген не?
№6 Біріңғай мүшелердің жасалу жолдары
№7 Біріңғай мүшеге қосымшалар қалай жалғанады?
№8 Мысалды талда:
№9 Мысалды талда: Самал диктантты таза, сауатты жазды.
№10 Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.

ІҮ. Жаңа сабақ
- Ребус шешу: Қыстырма сөз
- Балалар, қыстырма сөз дегенді естігендерің бар ма?
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың да негізгі мақсаты осы тақырыпты сендерге жете түсіндіру.
- Олай болса, тақтаға қаралық. Кесте № 4
- Енді осының ішіндегі қыстырма сөзге тоқталсақ. Мағынасына қарай былай топталады:
Кесте №5
Ү. Оқулықпен жұмыс
- (61 - 62 беттерді ашайық.)
- Қазір тақтада мысалдар беріледі, қолымыздағы кестеге қарай отырып, қыстырма сөздің қай түрге жататынын анықтайық. Кесте №6
А) Ереже шығару.
- Сонымен, қыстырма сөз деген не болды?
- Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Ол 2 - 3 сөзден құрылуы мүмкін екен.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.
Б) Көркем жазу минуты.
Жж Жж Жж Жж
Жамбыл, жолбарыс, жеңіс, жусан, жайнасын
190 – жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздерді тап.
Қыстырма сөздердің қандай мағына үстеп тұрғанын айт.
Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде кездесіп тұр. Не байқадың?

191 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қыстырма сөзді тап. Өлең не жайында?
Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасында өзгеріс бола ма? Ақып Мұғаджар деген жерді ойлау, ойламау себебі
не деп түсіндіреді?
- Кесте №7 Картамен жұмыс. Ақын туралы дерек.

192 – жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қыстырма сөздің астын сыз.
ҮІІ. Бекіту
Топтық жұмыс:
І топ: Жатқа жаз
ІІ топ: Жаңылтпаш
ІІІ топ: Біріншіден, екіншіден деген сөздермен сөйлем құрау.

Қыстырма сөзді жатқа айт.

ҮІІІ. Қорытынды
- Дидактикалық тапсырмалармен жұмыс.
- Бір оқушы тақтада орындайды.
Өзара сұрақ алмасу стратегиясы:
- Бүгін не өттік?
- Мысал келтір.
- Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Қандай тірек сөздермен жұмыс жасадық?
- Біріңғай мүше деген не? Мысалы:

ІХ. Үйге тапсырма беру.
- 193 – жаттығу Тапсырмасын түсіндіру
- Ережелерді пысықтау. - Ереже дәптерлермен жұмыс.
Х. Мадақтау. Бағалау. Рейтингілік бағалау жүйесі.


Скачать


zharar.kz