Өмір қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстыруға арналған дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойын
Бола ма, әлде болмай ма?
Мақсаты:
Балаларды жануарлармен қарым - қатнас жасағанда қауіпсіздік ережелерінің қарапайым түрлерін сақтай білуге үйрету. Берілген карточкадағы іс - әрекеттерді жасауға бола ма, әлде болмай ма және неліктен болмайтынын әңгімелей отырып, қауіпсіздік ережелерін бекіту.
Ойын барысы:
Тәрбиеші тақтаға бір суретті іледі де, сұраққа жауап беруді сұрайды және толық жауап берулерін қадағалайды.
Мыс:
- Суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
- Қыз мысықтың құйрығынан сүйреп бара жатыр.
- Осы әрекеті дұрыс па? Қалай ойласыңдар олай жасауға бола ма, әлде болмай ма? Неге? т. с. с
Дидактикалық ойын
Не артық?
Мақсаты:
Балаларды қауіп қатердің алдын алуға, өмірге қауіп төндіретін заттарды тануға, олардың денсаулығымызға, өмірімізге төндіретін қатерін түсіне білуге үйрету.
Ойынның жүрісі:
Балаларға карточкаларды ұсыну немесе суреті төмен қарап тұрған карточкалардан таңдатып, ондағы заттардың ішіндегі артық затты атату, неліктен артық екенін сұрау.
Мыс: суретте ойыншықтар және сіріңке, ыдыстар және қайшы т. с. с суретті карточкалар.
Дидактикалық ойын
Бағдаршам не дейді?
Мақсаты:
Бағдаршам көздерінің түстерімен таныстыра отырып, оның беретін белгілері туралы түсінік беру және ол белгілер бойынша жүргіншілердің іс - әрекеттерімен таныстыру, бекіту.
Ойынның жүрісі:
Тәрбиеші бағдаршам макетін ұсынып оның көздері не деп тұрғанын, қандай белгі беріп тұрғанын сұрай отырып, сол белгіге сай қимыл әрекеттер жасауын қадағалайды.
Дидактикалық ойын
Қауіпті заттар
Мақсаты:
Балалардың өмірімізге, денсаулығымызға қауіпті заттар туралы түсініктерін қалыптастыру, бекіту.
Ойынның жүрісі:
Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттердің ішінен қауіпті заттарды табуды ұсынады және оның қандай қауіп әкелетінін сұрайды.