Тұсаукесер туралы жалпы мағлұмат
Бүгінгі сабақта презентация құру, слайд жасау ең өзекті мәселенің бірі. Оқушылар перезентация құру және безендіру туралы білімдерін жетілдіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сабақты сайыс сабақ ретінде ұйымдастырдым. Төменде сол сайыс сабағымның өту жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты: Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау, есте сақтау, зейіндік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру. Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты балаларды сақтыққа үйрету.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, демонстрациялық, топтық жұмыс, жеке жұмыс, сәйкестендіру,
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интербелсенді тақта, слайдтар, тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу
• Тренинг. Шаттық шеңбері.
Барлық оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрады. Үнтаспа арқылы көңілді музыка тыңдап, бір – біріне жақсы тілектер айтады.
Үй жұмысын тексеру
Сұрақтар.
1. Мәтіндік редакторда фигураларды қалай салуға болады?
2. Нысанды қалай жылжытуға болады?
3. Нысанды қалай жоямыз?
4. Бірнеше нысанды бір мезетте ерекшелеуге бола ма?
5. Егер сендер құжатқа бір емес бірнеше сурет қосып және оларды бірінің үстіне бірін қойғыларың келсе, онда қандай бұйрық орындау қажет? (Пішім ---- Реттеу --- Алдыңғы сапқа немесе Пішім ----- Реттеу --- Артқы сапқа)
Адасқан әріптер
Бұл кезеңде оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге 2 ұпайдан беріледі.
Сөздер Жауаптары
Ретьюмопк Компьютер
Демом Модем
Лайф Файл
Ротином Монитор
Нирперт Принтер
Красен Сканер
Шытқан Тышқан
Тиврсутиан Антивирус
Жаңа сабақты түсіндіру.
Компьютерлік технологиялардың дамуымен слайдтар деп аталатын “электрондық плакаттарды” қолдану мүмкін болды.
Тұсаукесер (лат. presentatio)- жаңа, жақында пайда болған, жарияланған, жасалған әлденені көпшіліккетаныстыру.
Бүгінгі күні Microsoft PowerPoint - ты бүкіл әлемде 300 млн - ға жуық адам пайдаланып жатқанына қарамастан, программаның өзін де, оның тұсаукесерлер құру мүмкіндіктерін сынау.
Microsoft PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін ------ Бастау батырмасын басып ----- Барлық бағдарламалар ----- Microsoft Office ------ Microsoft PowerPoint басу қажет.
Тұсаукесермен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін 4 қарау режимі қарастырылған: әдеттегі, сұрыптағыш, слайдтарды көрсету, ескертпе беттері.
Тұсаукесер кез келген Microsoft Office құжаты сияқты сақталады. Сақтағанда тек Power Point 2007 нұсқасында ғана оқылатын. pptx пішімі беріледі.
Басты Слайд құру бұйрығы тұсаукесерге жаңа слайд қосуға арналған. Мұнда слайдтың макетін таңдау керек.
Слайдтың макетін Басты Макет бұйрығы көмегімен өзгертуге болады.
Ағымдағы слайдты Del пернесімен немесе Басты Слайдты жою бұйрығымен жоюға болады.
Өрмекші ойыны
Өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарға тез, дұрыс жауап берген топқа 2 ұпай беріледі:
1. Тұсаукесер ұғымы не деген мағына береді?
2. Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?
3. Қандай терезе элементтерінен тұрады?
4. Power Point – та неше бейнелеу режимі бар?
5. Слайдта орындалатын объектілері қандай?
6. Жаңа презентация жасаудың неше әдісі бар?
7. Power Point – та үлгі түрдің неше түрі бар?
8. Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?
9. Тұсаукесермен жұмыс істеу үшін неше қарау режимі бар? Оларды ата.
10. Тұсаукесерге жаңа слайдты қалай қосамыз?
11. Тұсаукесердің макетін қалай өзгертеміз?
12. Тұсаукесердің шаблонын қайдан алады?
Өзіңді тексер. Тақырыпқа сай тест тапсырмаларын орындау.
Тұсаукесер атты сөзжұмбық шешу.
Windows - тің қазақша аудармасы?
Praesentatio латын тілінен аударған қандай мағынаны береді?
Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы
Жолақтын қай бөлімі слайдты безендіру үшін қолданылады
Paint - тың қазақша аудармасы?
Электронды есептеуіш машина
Қаріптің мөлшері
Компьютерді зақымдаушы программа
Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас
Бос орын қалдыру пернесі
Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушыларға баға қою.
Үй тапсырмасы. 27 параграфты оқып келу, түйінді жаттау.
Өзіңді тексер!
Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер
1. Тұсаукесерлер құруға арналған программа қалай аталады?
А) мәтіндік процессор
В) графикалық редактор
С) Операциялық жүйе
D) тұсаукесерлер құрушы конструктор
2. Microsoft Power Point программасын қалай іске қосамыз?
А) Бастау ----- Программалар ----- Microsoft Office
В) Бастау ----- Программалар ------ Стандарттық
С) Бастау ----- программалар ------ Стандарттық ----- Қызметші
D) Бастау ----- Программалар ----- Microsoft Word
3. Әр слайдпен жеке жұмыс істейтін қарай режимін таңдаңдар:
А) сұрыптауыш
В) әдеттегі
С) слайдтар көрсету
D) ескертпе беттері
4. Жолақтың қай тіркеме бетінде қарау режимдерін ауыстыруды орындайды?
А) Басты
В) Түр
С) Дизайн
D) Кірістіру
5. Тұсаукесер қандай бұйрықтың көмегімен құрылады?
А) Office батырмасы --- Құру
В) Басты --- Құру
С) Басты --- Бос тұсаукесерді құру
D) Басты --- Бос тұсаукесерді шаблоннан құру
6. Тұсаукесерге жаңа слайдты қалай қосамыз?
А) Басты --- слайд құру
В) Дизайн --- слайд құру
С) Office батырмасы --- Слайд құру
D) Басты --- Макет
7. Жаңа тұсаукеесердің бірінші слайды құрамына кіретін әдеттегі макет:
А) тақырып және нысан
В) титул (алғашқы бет)
С) бөлімнің тақырыбы
D) екі нысан
8. Ағымдағы слайдты жою бұйрығы:
А) Басты ---- слайдты жою
В) Дизайн --- Слайдты жою
С) Office батырмасы --- Слайд жою
D) Басты --- Макет --- Слайдты жою
9. жасырын слайд қалай жұмыс істейді?
А) ол тұсаукесердің ешбір қарау режимінде көрінбейді
В) тек сұрыптағыш режимінде көрінеді
С) әдеттегі режимде және сұрыптағыш режимінде көрінеді, бірақ тұсаукесердің көрсетілуі (демонстрациясы) кезінде өткізіп жіберіледі
D) тек тұсаукесердің көрсетілуі(демонстрациясы) режимінде көрінеді
10. Бірнеше іргелес слайдтарды қандай пернемен ерекшелейді?
А) Shift
B) Alt
C) Ctrl
D) Capslosk