Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік
Мақсаты: 1. Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету.
2. Сөздік қорын, тілін дамыту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, танымдық - ізденушілік әрекетін белсендіру.
3. Әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұлттық мәдениетті бағалауға тәрбиелеу.
Әдісі: тірек сызба арқылы оқыту, топтау, венн диаграмма
Көрнекілігі: тірек сызба, деңгейлік тапсырмалар
Сабақ барысы
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз - еңбектену
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, қазір жылдың қай мезгіл?
Әдебиеттік оқу пәнінен оқыған Көктем сәні мәтінін еске түсірейік, сонда көктем сәні нелер деп аңдар айтты?
Неліктен көктем сәнінің бірі – шуақты күн деп ойлайсыңдар?
Барлықтарыңызға күндей шуақты көңіл күй тілеймін.
Сонымен Күн не істейтінін сызбаға түсірейікші
Күн
↓
ерітеді
тірілтеді
жылытады
қарайды
төгеді
жандандырады
Осы сөздерге сұрақ қояйықшы, нені білдіреді, ендеше қандай сөз табына жатады?
Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Заттың қимылы
Етістік
Үй тапсырмасын тексеру
26 - жаттығудың орындалысын тексеру
Етістік сөзінен баспалдақ жасау 3 қатар өз баспалдағын құрады:
Зерделі сұрақ, дәлелді жауап!
Етістік дегеніміз не? Етістіктің түрлетін ата?
1 Құрамына қарай
Дара - бір сөзден тұрады. (оқы, жаз)
Күрделі - екі, үш сөзден тұрады(келе жатыр)
2 Тұлғасына қарай
Негізгі – түбір сөзден болған етістікті (жүр, күт)
Туынды – түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті (ақылдас, ақта)
3 Іс - әрекеттің орындалуына қарай
Болымды
Болымсыз
28 - жаттығу
ЖҮЗ – ЖҮЗБЕ
КҮЛ – КҮЛМЕ
ТӨК – ТӨКПЕ
ЖАЗ – ЖАЗБА
БАР – БАРМА
ТАҚ – ТАҚПА
– Көшіріп жазу. Қосымшалы етістіктерді талдау
Неліктен олай топтадыңдар?
– Бірінші қатар іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
– Екінші қатар іс – әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Қорытынды шығару. (ереже шығарып, қорытындылауы)
Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысал: айт – айтпа, жаз – жазба, кет – кетпе, сөйле – сөйлеме, т..
29 – жаттығу
– Сөйлемдерді көшіріп жаз.
– Болымсыз етістіктерді тап. Олардың қалай жасалғанын айт.
Бастауыш сынып мұғалімі Аршатай А. Қ.
Болымды және болымсыз етістік. жүктеу