Алгебра, 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік: Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадратының формуласын қорытып шығару, білік дағдыларын қалыптастыру, есептерді шешу кезінде тиімді пайдалана білуге үйрету. Білім, білік дағдыларын меңгерту
ІІ. Дамытушылық: Әр оқушыға қолайлы тапсырма беру арқылы сапалау Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, дәреженің анықтамасын, көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін, ұқсас мүшелерді біріктіру біліктерін қолдана білу, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
ІІІ. Тәрбиелік: Оқушыларды өзбетімен жұмыстана білуге, формулаларды қорытуда өз ойын сауатты жеткізе білуге, бірлесіп жұмыс істеуге, өзара көмек беруге, оларды шыдамдылыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, бірлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақта қолданған әдістер: жеке, топтық, проблемалық ситуацияны шешу.
Сабақтың типі: дәстүрлі
Пәнаралық байланыс: информатика, бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, тірек сызбалар, белсенді тақта, үлестірме карточкалар.
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жоқ оқушылардың себебін анықтау.
ә) сабақтың мақсатын нұсқау, оқушылар назарын сабаққа аудару(Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау)
ІІ. Қызығушылықты ояту
(Үй тапсырмасын тексеру)
ІІІ Жаңа сабақ.
1. Ой қозғау сұрақтары
2. Проблемалық ситуация
3. Формуланы пайдалану
ІV. Сергіту сәті
V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс
2. Математикалық лото ойыны
3. Үлестірме карточкалар Бос орынды толтыр .
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Қорытындылау: ( Рефлексия)
VІІІ. Бағалау.
Сабақ үш кезеңді қамтиды:
Бірінші кезең – жаңа білімге ие болу және оны қолдану;
Екінші кезең – алған білімді түрлендіру.
Үшінші кезең — жаңа білімді өздігінен меңгеру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Біз бүгінгі сабағымызда екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадратының формуласын қорытып шығарамыз және оны есеп шығаруда қолдануды үйренеміз.
Ол үшін біз дәреженің анықтамасын, көпмүшелерді көбейту ережесін, ұқсас қосылғыштарды біріктіру, жақшаны ашу, таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережелерін еске түсірейік.
1. Қызығушылықты ояту мақсатында логикалық есептерді интерактивті тақта арқылы көрсетіп жауап берулерін сұраймын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қайталау сұрақтары(Әркімнің өзі шығар биігі бар)
1. Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту қалай орындалады?
2. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу қалай орындалады?
3. Теріс санның жұп дәрежесінің таңбасы қандай?
4. Теріс санның тақ дәрежесінің таңбасы қандай?
5. Көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесін айтып беріңдер.
6. Бөлшекті дәрежеге шығару ережесін айтыңдар.
7. Қандай өрнекті бірмүше деп атайды?
8. Көпмүше деп нені айтамыз?
9. Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеудің неше тәсілі бар?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру. 1. Ой қозғау сұрақтары (Шапқан озар, жатқан қалар)
1. Өрнекті оқыңдар