Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу

Скачать

Сыныбы: 8
Пәні: алгебра.
Сабақтың тақырыбы:
2. 2. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді шешу.
2. 3. Бір айнымалысы бар квадрат теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: квадрат теңсіздіктердің анықтамасын және қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу. Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.
Дамытушылық: есептеу дағдыларын және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, білімдерін тереңдету, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Өз елінің патриотын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Іскерлік Партиялар додасы ойын сабағы.
Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: үш өлшемді әдістемелік жүйесі.
Пәнаралық байланыс: казақ әдебиеті, тарих, сызу, геометрия, ән.
Қөрнекілігі: Бағалау парағы, мақал - мәтел, плакаттар, үлестірмелер.
Құрал - жабдықтар: Интербелсенді тақта, Power Point (слайдттар),
Windows Media (видео - ролик), Winamp (ән) бағдарламалары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар 3 топқа (партияларға) бөлініп отырады. Партия лидерлеріне бағалау парақтары таратылады.
Сары түсті: Қазақстан үміткерлері партиясы
Жасыл түсті: Қазақстан дарындары партиясы
Көк түсті: Қазақстан озаттары партиясы
Әр партия бағдарламасын, ұранын айтады.
Қ Р - да 7 партия бар(плакат), Қазақстан туралы видео - ролик көрсетіліп, Атамекен әні орындалады

ІІ. Заңдар аясында...
Саяси партиялардың бағдарламалары нәтижеге жету үшін, заңдарды білу керек.

І деңгей (5 ұпай)
1) аx2+bх+с 0, аx2+bх+с


Скачать


zharar.kz