Сұлтан Қалиевтің өлеңдері
Соғысты біз көрмедік,
Көріп жүрміз кинодан.
Жұрттың көріп өлгенін,
Аяп қатты қиналам.
Бір жылдары фашисттер,
Бізге басып кіріпті.
Жалаңдапты аш иттей,
Салыпты ойран, бүлікті.
Өрт боп жанып даламыз,
Қайғы бұлты торлапты.
Сонда талай ағамыз,
Туған жерді қорғапты.
Ажал болып сұм жылдар,
Сумаңдапты желге ұшып.
Сонда талай қыршындар
Құрбан бопты жер құшып.
Ыстықсың - ау, туған жер!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Боранқұл орта мектебінің
оқушысы Рабаева Ақзер
Мұғалімі: Нурекешова Тойган