Есірткі
Есірткіні алмаңдар,
Ағзаларың уланар.
Есірткі деген жаман ғой,
Жою керек адамдар.
Есірткіні алғандар,
Әдет қылар әр күні.
Бір шалдықса айықпай,
Ауру болар бар адам.
Есірткіні сатқандар,
Бәле табар басына.
Полицияға ұсталып,
Қамап қояр мың жылға.
Мың жыл бойы түрмеде,
Тамақ ішпей, нан жемей.
Ұрып соғып тәрбиелеп,
Күндері сомен кетеді.
Өмірді мәнді өткіз, бос қылма,
Арақ пенен темекіні дос қылма.
Есірткіні үлгі етсең істерін
Адам емес болғаның ол бос тұлға
Есірткі аздырады сананы,
Жек көрсетіп жақының мен ағаны.
Осы тектес жамандыққа жолама
Сыйлаңдар, сені тапқан ананы.
Есірткі бұзады сау адамды,
Бұл жаман, санаңды улап аздырады,
Бұл ісіңнен денсаулығың әлсірер
Ей, адамдар, аулақ ұста бойыңнан.
Мен есірткіге қарсымын!
Нысанова Алиса
5 а сынып оқушысы
Есірткіге жол жоқ
Денсаулық керек әлемге,
Тазалық болсын әр елде.
Денсаулықтың кепілі,
Тазалық дейміз әрине.
Есірткіге берілмей,
Салақ болмай ерінбей.
Жеңімізді түрейік,
Салауатты жүрейік.
Арақ, шарап бәрі де,
Үлкен, кіші, кәріңе,
Зиян болар әрқашан.
Сондықтан да адамдар,
Осыдан сабақ алыңдар.
Таза жүрсін адамдар,
Әр елде де жараңдар!
Есірткіден сақ болып,
Болашаққа қараңдар!
Нұралиева Гауһар
7 А сыныбы
Таза әлем
Тазалық болса әр елде,
Әр елде емес, әр жерде.
Тазалық болса егер де
Денсаулық болар әлемде.
Есірткіге жол жоқ,
Есірткі алған адамға.
Болмас мүмкін өмір жоқ
Мынау қилы заманда.
Таза жүрсек адамдар,
Жанға шуақ табылар.
Есірткіге жоламай,
Сақ жүріңдер адамдар.
Беркінқызы Жұлдыз
7 А сыныбы
Есірткіге қарсымыз
Есірткі деген жаман зат,
Тұтынбасын адамзат!
Тұтынса егер адамдар,
Өміріне кесапат.
Есірткіні тастаңдар,
Өмірге балта шаппаңдар.
Есірткі тартып адамдар,
Жаманға аяқ баспаңдар.
Денсаулық керек әлемге,
Спорт керек өренге,
Есірткіні біз тастап,
Бейбітшілік, таза өмір,
Орнатайық бар елге!
Сұлтанаев Даулет
7 А сыныбы
Есірткі
Бұл заманның бір дерті,
Қаулап тұрған улы өрті.
Адамдарды жаулаған
Қалдырмай еш өз еркін.
Адамдар еркіндікті аңсайды,
Есірткі көп адамды жаулайды.
Өмірлерін құртып әрбір адамның,
Кетіреді, бұл өмірден қоймайды.
Ысмайлов Райымбек
7 А сыныбы
Есірткі деген бір зар бар
Есірткі деген үлкен зар,
Адамдарды аздырған.
Сол зарменен талайлар,
Өмірлерін тоздырған.
Есірткіні тастаңдар,
Ашық болсын көңілің.
Тез спортты бастаңдар,
Түзу болсын өмірің!
Уалиева Дильназ
7 А сыныбы
Есірткісіз болашақ
Есірткісіз болашақ,
Әкелер саған жақсы шақ.
Есірткісіз әлемде,
Бақытты болар әр ошақ.
Есірткісіз өмірің,
Жақсы күндер әкелер.
Есірткілі өмірің,
Қорлы күндер әкелер.
Есірткісіз өмір сүр,
Ашық болсын аспаның.
Әрқашан да күліп жүр,
Құшағында достардың.
Өтегенова Ақбота
7 А сыныбы
Есірткіге жол жоқ!
Денсаулық керек әлемге,
Тазалық болсын әр елде.
Денсаулықтың кепілі,
Тазалық болсын бәріңде!
Есірткі зиян әрдайым,
Адамның қияр өмірін.
Тазалықты қолдаймын,
Адал мәңгі көңілім.
Демеубаев Әлім
7 А сыныбы
Зиян зат
Тазалықсыз адамдар,
Тазалықты сақтайық.
Түзу жүріп өмірде,
Арымыздан аспайық.
Есірткіні білсеңдер,
Зиян әдет ғаламға.
Жамандығын көрсеңдер,
Абырой бермес адамға.
Алпамысқызы Айнұр
7 А сыныбы
Есірткіге жол жоқ!
Нашаменен өміріңде қайғы көп,
Нашасыз өміріңде уайым жоқ.
Темекімен, насыбайды атпаңдар,
Денсаулықты әрқашан да сақтаңдар.
Ашық болып аспаным,
Адал болсын достарым.
Есірткіге қарсымыз,
Барша қазақ жастары!
Берікұлы Нұрбек,
Қонысов Алпамыс
7 А сыныбы
Есірткі құртты заманды
Заман бүгін бұзылды,
Артқан үміт үзілді.
Адамдар да үйір боп,
Қайғы басты жүзіңді.
Күндерден күндер өтті,
Айлардан айлар өтті.
Есірткі жайлап елді,
Көп адам өліп кетті.
Бір отбасы құлдырады,
Осы сұм, зиян шөптен.
Сыйластық сынды бәрі,
Хәл кетті мына көптен.
Анадар да жылады,
Жылатты бәрін қу заман.
Азаматтар сұлады,
Есірткімен дос болған.
Айтар ақыл жастарға,
Жолама еш кесірге.
Аман болсын достар да,
Есірткі деген жойылып,
Нұрлы болсын аспан да!
Қуандықова Айым 8 А сыныбы
Есірткіге жол жоқ!
Спортпенен айналыссаң, күнің жақсы өтеді,
Нашаменен айналыссаң, өмірің босқа кетеді.
Есірткіні қолдансаң түрмеге дейін жетесің,
Өмір бақи түрмеде қорлық көріп өтесің.
Салауатты өмір салтын сақтайық,
Ата - анаңның үмітін біз ақтайық.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен - деген сөзді,
Жанымызға жақын тұтып жақтайық.
Есірткі деген жапырақ,
Шеккен адам ақымақ.
Спортпен айналысып,
Жүрмейсің бе жарқырап.
Ермек Мақсат
8 Б сыныбы
Есірткі
Өмірге адам бір - ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.
Ғасыр дерті әлемге қанат жайғанда,
Ушығып тұр темекі, арақ, нашаң да.
Салауатты мақсатың өмір сүру,
Бұл жолдан аулақ болып жүру.
Тойбазарова Ақжамал
8 Б сыныбы
Ол өмірді қалайды.... (эссе)
Ол өмір сүргісі келеді... Кімнің өмір сүргісі келмейді дейсің?! Иә, бәрінің де...
Бірақ кей адам, өмір - өзіне Алланың үлкен тартуы екенін түсінбейді.
Менің тұтқыным көп, маған тәуелділер одан да көп. Жер - жаһанды жаратқанда мен де табиғаттың бір бөлшегі болып жаралдым.
Мен – қарасорамын. Атышулы, атақты наркотикалық заттар менен жасалды. Мен жаман, зиянды заттар тобына жатамын. Сол үшінде ызалымын, өшімді адамдардан аламын. Тұтқыныма түскен жастарды босатпай өмірін өксітемін. Ал, әлі оң – солын ажырата алмаған жастар маған тез елігеді. Менің дәмімді бір татқаннан тәуелді боп, менің тұтқыным екенін ажырата алмайды. Бұл - уақытша, кейін басқаша деп өзін - өзі алдайды. Бірақ олай емес.
Жап - жас бозбала мен нәзік, сұлу бойжеткенді аз жылда мыж - мыж шал мен кемпірге айналдырамын. Болашақ бұлдыр сағымға айналып, олар менімен ғана әуре боп өздерін жоғалтады. Міне, осылай жақсылардан, нәзік сұлулық, жастық пен тазалықты, ата - ана артқан үлкен сенімді, дос жаранмен қарым – қатынасты жоқ қылады.
Әйтпесе, мен жамандық боламын ба? Мен жамандық пен зияннан, удан жаралған қарасорамын, улы наркотикпін. Бірақ кейде адамдарды аяймын. Олар өмір сүргісі келеді. Өмірдің адамдарға бір - ақ рет берілер мүмкіндік екенін кеш ұғады. Жарқыраған жарық күнді, сарқырай аққан өзен – көлді, жайқалып шыққан гүлді, көкті әлі де көргісі келеді.
Құрметті жастар! Мені қабылдап бүкіл өмірлеріңізді қор қылмаңыздар. Зиянды әдеттерден аулақ болыңыздар! Сіздердің болашақтарыңыз алда! Осы жай ғана ұнтақпен бүкіл өмірлеріңізге балта шаппаңыздар! Менің кесірімнен талай отбасы бұзылып, жан - жаққа тарап кетті. Отбасыңызды, әрі - қарай болашағыңызды ойлаңыз!
Өз өміріңізді, өзіңіз құртпаңыз! Егер мені қабылдап қойған болсаңыз сіз кері қайтара алынбайтын қателік жасадыңыз. Егер мені қабылдайын деп жүрген жан болсаңыз, мені ұстапта көрмеңіз, мен өте зияндымын, мені қабылдап бүкіл өміріңізді құртпаңыз! Олар өмірді қалайды....
Нұрышова Айбала
9 А сынып