Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Бақша ағаштары.
Мақсаты: Оқушыларға Толық адам туралы, адамгершілік құндылықтары туралы білім қалыптастыру.
Міндеті: Оқушыларды адами құндылықтар туралы айтылған ғұламалардың пікірлерімен таныстыру.
Оқушыларды өлеңдер, нақыл сөздер, әңгімелер тыңдату арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын, жағдаяттарды шешу барысында тапқырлығы мен ептілігін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, бәйтерек ағашы, әңгімелер мен өлеңдер тыңдау үшін магнитофон.
Барысы: Психологиялық дайындық.
Танысу тренингі. Оқушылар өз есімінің алғашқы әрпіне байланысты жақсы қасиет қосып айтады. Әсел - әдепті т. с. с.
- Өздерің туралы жақсы сөздерді айтқанда қандай көңіл - күйде болдыңдар?
(Оқушылар өздерінің жақсы көңіл - күйде болғанын, қуанғанын жеткізеді.)
- Онда бүгінгі сабағымызда бойымыздағы бар жақсы қасиеттерді шыңдай түсіп, жаман қасиеттеріміз болса, арылуға көмектеседі деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта 2 топ болып жұмыс жасаймыз. Алдымен мен сіздерге сұрақ қойғым кеп тұр. Осы сендер мектепке не үшін келесіңдер?
(Оқушылар білімді және тәрбиелі болу үшін деген сияқты өз ойларын айтады.)
- Олай болса білім мен тәрбие сөздерінің мағынасын ашып көрейік!
(сөзжұмбақтар шешіледі)
- Яғни, тәрбие мен білім керек пе екен? Әлде тәрбие мен білімсіз өз бетімізбен жүрген қызық па?
- Ендеше бүгінгі сабағымызда егіз ұғым аталатын Білім , Тәрбие тобы болып жұмыс жасайтын боламыз. Сабақта берілген таарсырмаларды мұқият орындап, адами құндылықтарды бойына жинаған мәуелі жеміс ағашын жасап шығаруға тырысып көрелік!
2. Негізгі бөлім.
Бақша ағаштары. 1 мин. 17 сек. тұратын әңгімені тыңдау.
1 тапсырма.
Білім тобына. Түзу ағаш қандай еді, талдаңыз.
Тәрбие тобына. Қисық ағаш қандай еді?
- Ол үшін яғни, Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?
Ғылым таппай мақтанба. 1мин. 12 сек. тыңдау.
2 тапсырма.
1. 5 асыл іске тоқталып, түсінік беру.
2. 5 дұшпанға тоқталып түсінік беру.
3 тапсырма. Сұрақтарға жауап жазу. Көңіл толқыны күйі қосылып, жазуға 5 мин. беріледі.
Мен кіммін?
Менің мінезім қандай?
Менің мінезімнің жағымды жақтары.
Менің мінезімнің жаман жақтары.
Мен қандай болуым керек?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Тақтаға Абайдың Толық адам сипаты сөзжұмбағы ілініп, түсіндіріледі.
- Осы өзіміз туралы айтылған жақсы сөздеріміз бен ісіміз сай ма? Оны ситуациялық жағдаяттар барысында тексеріп көрелік!
4 тапсырма.
1 топ. Автобустағы оқиға (реквиз. наушник, магнитафон т. с. с.)
2 топ. Көшедегі оқиға (реквиз. шемішке, гитара, сағыз т. с. с.)
- Отбасы мен қоғам да, мектепте берілетін тәрбие де балаға зор ықпал етеді. Ал жан - жағымыздағы жақын адамдарымызды қуанышқа бөлеу қолымыздан келе ме?
5 тапсырма.
1. Анасын туған күнімен құттықтау.
2. Мұғалімді мерекесімен құттықтау.
Бекіту.
(Оқушылыр бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін ағашқа іледі.)
Ы. Алтынсарин. Асыл шөп. 1 мин. тыңдау.
Қорытындылау. Шәкәрім Құдайбердиев.
Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға ол бір қылық.
Қол жетпей талай жан ызданады,
Осыдан кеп шығады адамшылық!
Бала тілегі әні 3 мин. орындау.
Сабақ аяқталды.
Бақша ағаштары. жүктеу