Кремний қышқылының тұздары - силикаттар

Скачать

Химия 9 сынып

Сабақ тақырыбы: Силикат өнеркәсібі
Сабақтың мақсаты: Шыны, цемент, қыш және т. б. силикат материалдарының өндірісі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу. Оқушылардың география, химия пәндері бойынша алған білімдерін нақтылау және байланыстыру.
Міндеттері:
1. Балалардың оқулықпен, қосымша әдебиетпен жұмыс жасау мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамыту. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру.
2. Оқушылардың сақталған ақпаратты қайта қолдану қабілетін және өз ойын қорыта айта алу біліктілігін дамыту;
3. Оқушыларды топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу
Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: рөлдік ойын, топ жұмысы, кестемен, оқулықпен жұмыс, жеке және жалпы тапсырмалар, жұмбақтар шешу, көрме ұйымдастыру.
Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, А1 форматты қағаз, түсті қағаздар, химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар.
Көрнекіліктер: слайдты көрсетілімдер, қима қағаздар,, тақта, бор, шыны, қыш, цемент бұйымдары
Кесте №1 Силикат өндірісінің материалдары
Кесте №2. Шикізат
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, архитектура, физика, сурет, география
Күтілетін нәтиже:
Теориялық білімдерін шыңдайды;
Есептің шығару жолын түсіндіреді;
Зерттеушілік қабілеттерін дамытады;
Топтық жұмыста ұйымшылдыққа үйренеді

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин):
А) Оқушылармен сәлемдесу
Б) Сыныпты 4 топқа болу
В) Топбасшысын сайлату
С) Бағалау парақшасын тарату
Д) Бағалау критерийлеріне түсінік беру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Графикалық диктант
1. Кремний периодтық жүйеде ІІІ период, ІV топтың негізгі топшасында орналасқан.^
2. Кремнийдің сыртқы энергетикалық деңгейінде 3 электрон бар._
3. Жер қыртысында мөлшері бойынша оттектен кейін екінші орында. ^
4. Табиғатта кремний тек қосылыс түрінде кездеседі. ^
5. Кремнийдің 3 аллотропиялық түрөзгерісі бар._
6. Кремнийді таза күйінде швед химигі И. Я. Берцелиус 1822 ж ашқан.^
7. Кремний металдармен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш болады._
8. Кремнезем (SiO 2) табиғи полимер. ^
9. Кремний диоксиді – негіздік оксид._
10. Кремний қышқылының тұздары – силикаттар.^


Скачать


zharar.kz