Тақырыбы: Адыраспан – киелі өсімдік
“Психология және медицина” секциясы
Мазмұны
1. Пікір
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Адыраспан өсімдігіне биологиялық сипаттама.
2. 2. Халықтық наным, сеніміндегі адыраспан.
2. 3. Адыраспанның емдік қасиеті.
2. 4. Зерттеу материалдары. Адыраспанды жинау, тұнбасын пайдалану.
Пайдаланған әдебиеттер
Адыраспан
Адыраспан гүлі
Адыраспан - түйетабандар тұқымдастарына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабағы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30 - 80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз - күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл - шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі - өседі.
Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 - 3 -5-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті. Ол еліміздің шөл, шөлейт жерлерінде әсіресе, Шу, Іле, Сырдария, Сарысу бойында қаптап өседі. Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор.