Музыкалық ырғақты сергіту сәті

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі. Жай септеу мен тәуелді септеу
Жалпы мақсаты: Зат есімнің септік жалғауларын қолдануды үйрену, жай септеу мен тәуелді септеудің айырмашылығын таныту
Оқу нәтижесі:
Септік жалғауларының семантикалық сипатын анықтайды, арнайы тапсырмалар нәтижесінде сөздерге жалғауларды дұрыс жалғайды. жай сертеу мен тәуелді септеуді біледі, бір - бірінен айыра біледі.

Міндеттер: Алған білімін өмірде пайдалану, өздігінен шешім қабылдай отырып жұмыс істеуге, тапсырманы ұқыпты орындай білу: өз бетінше іздене білу.
Модуль: Білім беруде АКТ - ны пайдалану, Білім берудегі басқару және көшбасшылық , Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету , Талантты және дарынды балаларды оқыту .
Қолданылатын әдіс – тәсілдер мен стратегиялар: Карта ойыны стратегиясы, Ала доп стратегиясы, Сәйкестендіру әдісі, Ойлан, Бірік, Бөліс стратегиясы, Сергіту сәті, топты, өзін - өзі бағалау кестесі (балдық жүйемен)
Рефлексия Бір сөзбен айтқанда тәсілі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Кіріспе бөлім. 5 минут Көңіл күй ахуалы а) Өзін таныстыру тренингі Менің атым — Ережеп, Мен – елгезекпін, Ережеп - елгезек, Диана – дарынды т. с. с;
ә) Музыкалық ырғақты сергіту сәті. Билеу;
ІІ. 3 түрлі конфеттің көмегі арқылы топқа бөлу;,
ІІІ. Тұсаукесер бөлімі. 5 минут. Карта ойнау әдісі бойынша үй тапсырмасын қайталау
Менің сүйікті мектебім атты эссені тыңдау

Мұғалім іс - әрекеті
IV. Миға шабуыл. 5. Слайдпен жұмыс:
1. Септік жалғаулары
♦ Атау: арнайы жалғауы жоқ;
♦ Ілік: - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
♦ Барыс: - ға, - ге, - қа, - ке, - а, - е, - на, - не
♦ Табыс: - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті, - н
♦ Жатыс: - да, - де, - та, - те, - нда, - нде
♦ Шығыс: - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
♦ Көмектес: - мен, - бен, - пен

V. Мағынаны тану. Топпен жұмыс
2. Жай септеу мен Тәуелді септеудің ара қатынасын танытуға арналған кестемен жұмыс


Скачать


zharar.kz