Ішкі секреция бездері тест тапсырмалары
Берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар.
1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін биологиялық белсенді заттар
А. Сөл
В. Гормон
С. Дәрумендер
Д. Фермент
2. Қант диабеті ауруының пайда болу себептері:
А. Адреналин аз бөлінетіндіктен
В. Инсулин көп бөлінгендіктен
С. Инсулин аз бөлінетіндіктен
Д. Тироксин аз бөлінгендіктен
3. Миксидема ауруының пайда болу себептері
А. Йодтың жетіспеуінен
В. Қалқанша безден бөлінетін гормондардың жетіспеуінен
С. Инсулин аз бөлінетіндіктен
Д. Қалқанша безден бөлінетін гормондардың көп бөліуінен
4. Өсу гормонын бөлетін без
А. Гипофиз
В. Қалқанша без
С. Бүйрек үсті бездері
Д. Ұйқы безі
5. Эпифиз безінен бөлінетін гормон
А. Тироксин
В. Мелатонин
С. Адреналин
Д. Тимозин
6. Қалқаншамаңы бездерінен бөлінетін гормон
А. Инсулин
В. Мелатонин
С. Паратгормон
Д. Тимозин
7. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабатынан бөлінетін гормондар
А. инсулин
В. адреналин
С. вазопрессин
Д. кортизон
8. Ұлпаның оттекті қабылдауын күшейтетін гормон
А. Адреналин
В. Тироксин
С. Мелатонин
Д. Тимозин
9. Аралас бездерге жатады
А. Ұйқы және жыныс бездері
В. Гипофиз, эпифиз, қалқанша без, бүйрек үсті бездері, айырша без
С. Сүт, тер, жас, сілекей, май бездері
Д. Ұйқы безі, гипофиз, сілекей бездері
10. Қалқанша без гормоны құрамындағы химиялық элемент
А. Темір
В. Кальций
С. Калий
Д. Йод
11. Айырша безінен бөлінетін гормон
А. Инсулин
В. Мелатонин
С. Паратгормон
Д. Тимозин
12. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без
А. Адреналин
В. Гипофиз
С. Мелатонин
Д. Тимозин
13. Аддисон ауруының екінші атауы
А. Құрқұлақ ауруы
В. Қола ауруы
С. Нақұрыстық
Д. Ергежейлілік
14. Қандағы глюкозаны реттейтін гормон
А. Инсулин
В. Тироксин
С. Қалқанша маңы бездері
Д. Тимозин
15. Ішкі секреция бездерінің ауруларын емдейтін дәрігер
А. Нейрохирург
В. Офтальмолог
С. Эндокринолог
Д. Уролог
16. Біріңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды, зәрдің бөлінуін азайтады
А. окситоцин
В. вазопрессин
С. мелатонин
Д. адреналин
17. Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
А. окситоцин
В. вазопрессин
С. мелатонин
Д. адреналин
18. Симпатикалық жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшықеттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
А. инсулин
В. вазопрессин
С. норадреналин
Д. адреналин
19. Барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең ірісі
А. бүйрек үсті бездері
В. ұйқы безі
С. гипофиз
Д. қалқанша безі
20. Оны кейде көңіл - күйі гормоны деп те атайды
А. инсулин
В. вазопрессин
С. норадреналин
Д. адреналин
Бір немесе бірнеше жауабы бар тест тапсырмалары
21. Қалқанша безі:
A. пішіні домалақша без, салмағы 0, 2 г.
B. көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан, пішіні таға тәрізді, екі бөліктен тұрады
C. пішіні үрмебұршақ тәрізді, салмағы 0, 5 - 0, 6 г.
D. безді және жүйке ұлпаларынан тұрады
E. салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45 - 50 жасқа дейін өседі
F. бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жұп бездер
G. Ересек адамда салмағы 30 - 60 г., жаңа туған балада салмағы 1 - 2 г.
H. іші шырышты затқа толы қуыстары бар.
22. Кортизон гормоны:
A. қан қысымын жоғарылатады; жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді, қанның ұюын тездетеді
B. тағамның құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді
C. жыныс мүшелерінің дамуына әсер етеді
D. қанда глюкозаның мөлшерін арттырады, бауырдағы гликогеннің мөлшерін азайтады
E. тұз және су алмасуын қамтамасыз етеді
F. қуық пен ауатамырларының бұлшықеттерін босаңсытады
G. көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді
H. қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді
23. Миксидема ауруның белгілері:
A. дене температурасы төмендейді, жүрек соғысы баяулайды
B. терісі қола түсті (бозғылт) болып өзгереді
C. адам шөлдей береді, тамақты да жиі қабылдайды, тез арықтайды
D. терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді
E. көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді
F. қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп сирейді
G. қалқанша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг - ға жетеді
H. бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады
24. Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаттары жарақаттанса немесе гормондары аз бөлінсе:
A. көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді
B. дене температурасы төмендейді, жүрек соғысы баяулайды
C. терісі қола түсті (бозғылт) болып өзгереді
D. қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп сирейді
E. қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің мөлшері артады
F. су мөлшері азайып, қан қысымы төмендейді
G. қанда қанттың және ұлпаларда гликогеннің мөлшері азаяды
H. бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады
25. Ішкі секреция безеріне жатады:
A. гипофиз, эпифиз бездері
B. май, тер бездері
C. ұйқы, жыныс бездері
D. қалқанша, қалқанша маңы бездері
E. бүйрек үсті, айырша бездері
F. қалқанша, ұйқы бездері
G. сілекей, сүт бездері
H. жыныс, тер, сүт бездері
26. Гипофиздің сипаттамасы:
A. пішіні домалақша без, салмағы 0, 2 г.
B. көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан
C. пішіні үрмебұршақ тәрізді, салмағы 0, 5 - 0, 6 г.
D. безді және жүйке ұлпаларынан тұрады
E. салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45 - 50 жасқа дейін өседі
F. бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жұп бездер
G. алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады, 25 гормон бөледі
H. ұзындығы 15 - 22 см., құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасқан
27. Аналық жыныс бездерінен бөлінетін гормондар
A. паратгормон
B. эстрогендер
C. андрогендер
D. тестостерон
E. прогестерон
F. тимозин
G. мелатонин
H. кортизон
28. Қалқанша маңы бездері:
A. біреуінің салмағы 6 - 7 г, екеуін қосқандағы салмағы шамамен 12 - 14 г..
B. бездердің үлкендігі асбұршақтай, 20 - 50 мг.
C. пішіні үрмебұршақ тәрізді, салмағы 0, 5 - 0, 6 г.
D. ересек адамда әр бездің ұзындығы 6 - 8 мм, ені 3 - 4 мм, қалыңдығы шамамен 2 мм
E. салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45 - 50 жасқа дейін өседі
F. бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жұп бездер
G. алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады, 25 гормон бөледі
H. ұзындығы 15 - 22 см., құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасқан
29. Қалқанша безден гормон көп бөлінсе:
A. көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді
B. дене температурасы төмендейді, жүрек соғысы баяулайды
C. терісі қола түсті (бозғылт) болып өзгереді
D. қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп сирейді
E. қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің мөлшері артады
F. зат алмасу күшейеді, жүрек соғуы жиіледі
G. қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады
H. тез ашуланады және терлегіш болады
30. Есейген адамда өсу гормонының артық синтезделуінен пайда болатын ауру
A. миксидема
B. ергежейлілік
C. іспебұғақ (эндемиялық зоб)
D. кретинизм
E. Аддисон ауруы
F. Базедов ауруы
G. акромегалия
H. гипофиздік ергежейлілік
Ішкі секреция бездері тест тапсырмалары жүктеу