Құлақтан үні кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырауЖүргізушілер

Скачать

Құлақтан үні кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау

Жүргізушілер:
1. Жансерік
2. Асылтас
1. Армысыздар құрметті, ұстаздар мен оқушылар!
2. Қайырлы күн қадірлі, ата-аналар мен қонақтар!
1. Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің айналайын халқым менің

2. Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Мадияр:
Ақылын тыңдадым
Сөзінде бөлмедім
Еңбегін жырладым
Ұстазым ол менің

Айбек:
Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз ғылым толастамас мәңгі ісін
Тыншымаймын асыл жандар қадірлі
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын
Егіс:
Тұрғандай сәуле шашып күн ішінен
Маңызды бір ісі асар бір дара шыңын
Жарасып сымбатына сәнді киім
Тәрбие берер жүріс тұрысымен

1. Мектеп ұжымын басқарып, ұйымдастырып отырған мектеп әкімшілігіне мыңда бір алғыс айтамыз.(открытка беру)


Скачать


zharar.kz