Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов Қыс
Модуль: 1. Сыни тұрғыдан ойлау.
2. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану.
Әдіс - тәсілдері: диалогты оқыту, ментальді карта, ой қозғау, түртіп алу.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен жылы амандасамын. Сыныпты шағын үш топқа бөлемін.
Білем деме, балам,
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Шағын үш топқа алдында өтілген бөлімнен сұрақ қою.
I - топ Ыстық қой, шіркін, туған жер! деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген?
Тілім менің өлеңінің бір шумағын айтып бер.
II - топ Бөлімдегі
М. Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады? Отан Кімнің мекені жақсы? Не жайлы.
III - топ Күләш Ахметованың Астана өлеңінің 1 шумағын айт. Туған жер туралы мақал айт.
Сонымен мұның бәрі туған жер туралы айтылған
Бүгін жаңа тарау бастаймыз. Қыста талай қызық бар М. Дулатов Қыс
Мақсаты: Оқушылардың
М. Дулатов туралы жинаған мағлұматтарын толықтыра отырып, Қыс мәтінің мағынасын ашу барысында сыни ойлауға баулу.
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолын тоңады.
2. Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
3. Отқа жанбас, суға батпас.
- бұл сөздегі ерекше түсте жазылған Аяз сөзі жылдың қай мезгіліне байланысты?
- Осы сөздің ішінен мына сөздерді оқып көрейікші.
Мұ - ұз, қа - ар
- Қандай дыбысты созып оқыдыңдар?
- Неге?
- себебі,..
- Көз алдына не елестеді?
Дыбыстық талдау жасау.
Олай болса сендер шешкен сөзжұмбақтың шешуіне байланысты М. Дулатовтың Қыс
Әңгімесімен танысамыз.
М. Дулатов кім?
А) М. Дулатов туралы толықтыру.
Б) Сызбаға түсіру
А) I - топ Мәнерлеп оқиды.
Б) II - топ Тізбектей оқиды.
В) III - топ Түсіндірмелі сөз
Бапсыз - жайсыз
Бек қиын - өте қиын
Жалтаң аяз - үскірік, суық аяз
Қарыған - үсіткен
Шаңғыменен сырғанап,
Боран болып уілдейміз.
Қар болып жапалақтап,
Бұршақ болып түсеміз.
- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Оны неден байқадың?
- Адамдар суықтан қалай қорғанады?
- Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз?
- Мәтінде үй жануарлары жайлы не делінген? (тауып оқы)
- Жылқышы еңбегі туралы айт.
1 - топ Желтоқсан
Қысқы ойын түрлері, сурет салу.
2 - топ Қаңтар
Күз - дәнімен көрікті,
Қыс - қарымен көрікті. Мақалдың мағынасын ашу, қысқы еңбек жайлы айту.
3 - топ Ақпан
Өлең шумағын жалғастыр, кімнің өлеңі?
Ақ киімді, денелі, ақсақалды....
1) М. Дулатов кім? Қай жылы туған?
2) Бек қиын сөзін қалай түсінесің?
3) Қыс айларын ата.
4) Көлге жапқан қақпақ,
Сіресіп тұр -
- Қатты - ақ.
Бүгінгі сабақ қалай өтті?
(парақшалар тарату)
Әр топ өздерін бағалайды.