Сөйлемдерді толықтыр

Скачать

Дүниетану 4 сынып
Сабақ тақырыбы: Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Сабақ мақсаттары: Мәтінді түсініп оқиды
Барлық оқушылар: мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді
Көптеген оқушылар: шөлді аймақ жануарлары мен өсімдіктерінің түрлерін атайды, ерекшеліктеріне сипаттама бере алады.
Кейбір оқушылар: дала мен шөлді аймақ өсімдіктері мен жануарларының бейімделу жағдайларын салыстырып, өз ойын жеткізеді.
Жетістік критерийлері Түсініп іштей оқиды
Жұппен оқиды
Тізбектеп оқиды
Тілдік мақсаттар:
Қазақстанның физикалық картасынан шөлді аймақтарды көрсету
Шөлдің не екенін түсінеді
Құмды, сортаңды, тақыр, сазды және тастақты шөлдерге ажыратады
Жануарлары мен өсімдіктерінің түрлерімен танысады
Құндылықтары дарыту: Отанын сүюге, табиғатын қорғауға, жанашыр болуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: биология, география

Сабақтың басы
Оқушылар шеңбер құрып, хормен қайталайды
Қайырлы күн достым,
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
1. Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын сұрау ( Сиқырлы сандықша арқылы жауап беретін оқушыларды анықтау)
Сөйлемдерді толықтыр
1. Даланы ____ ірі жануарлар мекендейді.
2. Ақбөкен далада ____ болып жайылып жүреді.
3. Дала зонасының көп бөлігі ___ болып келеді.
4. Құстардың ішінде ____ жыртқыш құстар қатарына жатады.
5. Далалы жер негізінен ___ жыртылады.
Тест.
1. Дала дегеніміз не екенін көрсетіңіз
a) Ормансыз алқап
b) Шөлді аймақ
c) Тау бөктері
d) Құрлық жер
2. Тез құрғап кететін даланың түрін көрсетіңіз
a) Шалғынды дала
b) Қуаң дала
c) Егістік
d) Жазық
3. Дала жануарын көрсетіңіз
a) Арқар
b) Бақа
c) Ор қоян
d) Қоңыр аю
4. Қызыл кітапқа енген, даланы мекендейтін бағалы жануарды көрсетіңіз
a) Ақбөкен
b) Қасқыр
c) Түлкі
d) Қоян
5. Дала өсімдігін көрсетіңіз
a) Бөріқарақат
b) Шеңгел
c) Итмұрын
d) жауқазын
Cұрақ – жауап арқылы қорытындылау

Сабақтың ортасы
Жұмбақ:
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Түйеге жалпы сипаттама беру арқылы жаңа сабаққа көшу
Жаңа сабақты видеокөрініс көрсету арқылы түсіндіру.
*Оқулықпен жұмыс
Жигсо әдісі. Оқулықтағы мәтінді 4 топқа бөлу арқылы оқиды, түсінеді.

*Дәптермен жұмыс
3 ақпан
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Өсімдіктер: селеубояу, жүзгін, сексеуіл, кермек.
Жануарлары: сарышаян, қосаяқ, қарақұйрық, сұр келес, құлақты кірпі.
Сергіту сәті.
Тапсырма. Сөйлемдерді толықтыр
1. Шөл және шөлейт жерлер – суға тапшы аймақ.
2. Жүзгін бұтасы 2 метрге дейін биік болып өседі.
3. Барлық шөл өсімдіктерінің емдік қасиеті бар.
4. Жылан жемін түнде аулайды.
5. Шөл жануарларына өсімдіктің бойындағы ылғалдың өзі жеткілікті.

Мұғалімнің аты-жөні: Қасымқан Ж. Б.
Шөл өсімдіктері мен жануарлары жүктеу


Скачать


zharar.kz