Армысыздар әжелерім, аналарым

Скачать

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Армысыздар әжелерім, аналарым!
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың!
Міне көктемнің гүлімен, жұпар лебімен, анамыздай аймалап, көктем мерекесі де келді. Көктемнің алғашқы күндерімен бірге аналарымыздың да мерекесі келді.
Ортаға қыз бала келеді (көңілсіз):
- Сәлем бәріңе, сендер кімсіңдер?
Балалар:
- Біз Ертөстік тобының балаларымыз.
Қыз:
- Сендер бақыттың қайда екенін білмейсіңдер ме?
Ортаға Алибаба шығады:
- Сәлем бердік, бәріңе. Мен Алибабамын. Бақытты несіне іздеп жүрсің? Кел, бізге қосыл, бізбен бірге ұрлық жасайсың, тонайсың, алтындарың көп болады. Ақшаң көп болса бақытты боласың. Тойып алып билейсің, міне саған бақыт.
Жүргізуші:
- Балалар, Алибабаның айтып тұрғаны дұрыс па?
Балалар:
- Дұрыс емес.
Жүргізуші:
- Алибаба, сен бізбен бірге бол, сонда бақыттың не екенін түсінесің.
Алибаба:
- Жарайды, мүмкін бақыт ән айтуда шығар. Қане, балалар, бірге ән айтып көрейікші.
Ән Ана тілім
Алибаба:
- Жарайсыңдар, балалар. Керемет ән екен. Бірақ ән айтқанда бақытты көре алмадым (көңілі түсіп кетеді). А, а, а, таптым, мүмкін би билесек, бақытты көре алармын.
Би Бананамама
- Көңілді би екен. Сендерге ұнады ма? Маған да ұнады. Бірақ бақытты тағы көре алмадым.
Жүргізуші:
- Ендеше, Алибаба сен біздің топтың балаларының ертегі қойылымын тамашалап көр. Мүмкін көңілін көтеріліп қалар.
Қызыл телпек пен қасқыр ертегісі
Алибаба:
- Жарайсыңдар! Мен мына қойылымды көріп отырып, сендермен ойын ойнағым келіп кетті.

Ойын Бірдей гүлдерді тап
Шарты: Алибаба көрсеткен гүлдердің түсіне сәйкес бірдей гүлдерді табу керек.
Би Өзбек биі
Алибаба:
- Керемет би екен. Бұл топтың балалары шетінен өнерлі екен.
Қыздың анасы ортаға шығады:
- Қызым, мен сені іздемеген жерім жоқ, қайда жүрсің ботақаным, қошақаным, құлыным, - деп қызын құшақтайды.
Қызы:
- Мен бақытты барлық жерден іздедім, таба алмадым, сізді көріп қатты қуандым. Анашым, сенсің ғой менің бақытым.
Алибаба:
- Балалар, мен түсіндім, бақыт деген ол біздің анамыз екен ғой. Біз тек анамыздың қасында бақыттымыз. Қой, мен анама барайын, анашымды қуантып, сағынышын басайын. Мен анамды жақсы көремін, ал сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Балалар:
- Біз анамызды жақсы көреміз.
Алибаба:
- Мен анашым қуантуға, мерекесіне құттықтауға кеттім. Сау болыңдар, балалар. Рахмет сендерге.

Жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Балғындар шын жүректен тебірентіп,
Аналарға әндерін бағыштайды.
Ән Анаға сыйлаймыз

Талшын:
Ана сен бақыттысың, бақыттысың,
Менмін ғой бақшаңдағы бақыт құсың.
Қазірге бөбекте де, өсіре бер,
Ақ сүтіңді ақтаймын уақыт тусын.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – қуанышы көңілдің.
Ана деген – әрбір үйдің жылуы,
Ана деген – гүлі тұнған өмірдің.


Скачать


zharar.kz