Зат есімнің көптік жалғауын ата

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Сабақтың мақсаты: Зат есім туралы білім деңгейін көтеру тереңдету. Мемлекеттік тілге деген құрметтерін арттыру, еркін сөйлеуге үйрету. Есте сақтау, оқу, жазу, ойлау, тыңдай білу Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату, еліне, жеріне құрметті арттыру.

Сабақтың түрі: топтық сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, сызбалар.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығын тексеру, оқушылардың назарын аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау
Сынып екі топқа бөлемін:
І топ Қазына , ІІ топ Білім
І топ сұрақтары (көк түсті кеспе қағаздар)
1. Зат есім деген не? (мысал)
2. Негізгі зат есім деген не? (мысал)
3. Дара зат есім деген не? (мысал)
4. Деректі зат есім деген не? (мысал)
5. 5. Жалқы есім деген не? (мысал)
6. Зат есімнің көптік жалғауын ата?

ІІ топ сұрақтары( сары түсті кеспе қағаздар)
1. Зат есімнің түрлерін ата?
2. Туынды зат есім деген не? (мысал)
3. Күрделі зат есім деген не? (мысал)
4. Дерексіз зат есім деген не? (мысал)
5. Жалпы есім деген не? (мысал)
6. Зат есім жасайтын жұрнақтар

Оқулықтан жаттығулардың орындалуын тексеру
Жаңа сабақ:
Зат есімнің тәуелденуі
Көп тілден қазақ тілінің бір ерекшелігі зат есімдердің тәуелді тұлғада келуі. Тәуелденудің арнаулы жалғаулары бар. Зат есімнің жалғау арқылы түрленуін зат есімнің тәуелденуі дейді.
Тәуелдеу үш жақта және жекеше, көпше түрлері болады.


Скачать


zharar.kz