Астана күніне
Қайырлы күн құрметті қонақтар, ата - аналар!
Бүгінгі алты алаштың айнасы, елдігіміз бен бірлігіміздің бейнесі, мемлекетіміздің кіндігі - Астана қаласының туған күнін мерекемізге арналған Толағай бұқаралық спорттық іс - шарамызға қош келдіңіздер!
Жер бетіндегі әсемдік пен әдеміліктің, сәулет пен тыныштықтың символындай қазақ елінің мақтанышына айналған Астана тойы баршаңызға құтты болсын!
Сыр - сымбаты ұқсамайтын басқаға,
Болашағы жарқын қала, жас қала.
Мақтанышы болып әркез елімнің
Асқақтай бер алтын тұғыр Астана,- дейміз
Салауатты өмір салты - қоғамның және жеке өмірдің маңыздылығынан сипаттайтын бейне. Бүгінгі күндегі халық денсаулығы - жалпы халықтық мәселе. Спорттық, дене тәрбиелік қозғалыс салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Осы мақсатты көздеген спорттық шарамыздың ашылу салтанатына алғашқы құттықтау сөз балабақша меңгерушісі:
Достанова Әсел Жангелдіқызына беріледі.
Ал, қанекей қонақтар
Ортаға назар салайық
Ойыншылар келеді,
Қол соғып, қарсы алайық!- деп
Қатысушы командаларды үлкен қошеметпен ортаға шақырамыз.
1 Айгөлек тобының ата - аналарынан құралған Астана командасы
Келесі келетін балабақшаның Балапан тобының ата – аналарынан құралған Салауат командасы
Ендігі кезекте балабақшаның Еркетай тобының ата – аналарынан құралған Бәйтерек командасы
Әнұран ойналады
Спорттық мерекемізге арнайы келген қонағымыз:
Құттықтау сөз кезегін ұсынамыз
Муз. номер
Сайыс болған соң жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазылар болу керек. Олай болса, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1) Диярова Айгүл Қабиқызы Аудандық аурухана фтизиатр дәрігері
2) Өксікбаев Ғизат спорт мектебінің жаттықтырушы тренер
3) Бисенбаева Айгүл Аудандық аурухана салауатты өмір салтын орталығының медбикесі.
1. Толағай спорттық сайысымыздың шарттары бойынша сөз анасы – сәлем демекші сәлемдесу рәсіміне беріледі.
1 командалар өздерін таныстырады
2 -
3 -
Енді барлығымызды спорт алаңына шақырамыз. музыка ойнайды
2 Сайысымыздың келесі шарты - Жалаушаны тез жеткіз деп аталады. яғни, жалаушаны алып жүгіріп, келесі ойыншыға бересіз, ол алып жүгіріп кетеді, ойын солай жалғасады.
3. Келесі тур Үңгірден өту яғни тоннель деп аталады
4. Келесі турда Қапшықпен жүгіру
5. Ендігі шарт б ша Доппен секіру үлкен доптармен секіріп барады, қайтарда жай алып қайтады.
6. Келесі шарт б ша ойын түрі Пингвин ден аталады. Допты екі аяқтың ортасына қысып алып жүгіру к к түсірмеу к к.
7. Келесі тур Мергендер деп аталады. ыдысқа доп жинау
8. Келесі шарт Скакалкамен жүгіріп барып, жүгіріп қайту.
9. Сайысымыздың соңғы шарты, Шелекті түсірме деп аталады. Бос шелекті басқа қойып жүгіру
Қорытынды, Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Марапаттау рәсімі