Абайдың аудармалары

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, қазақ халқының жарқын бейнесін ашу;
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, толықтыру;
Ә) Тәрбиелік: Өскелең жас ұрпақты Абай атамыз армандағандай сегіз қырлы, бір сырлы, терең ойлай білетін парасаттылыққа тәрбиелеу;
Б) Дамытушылық: Тақырып бойынша сызбамен жұмыс жасату, тарихи тілмен сөйлеу қабілетін жетілдіру мақсатында кестедегі оқиғаларды ауызша баяндату;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Абай энциклопедиясы, Даналық ой - пікірлері жазылған слайдтар, Абай туралы ойшылдардың бағалары (слайдтар), Абайдың қара сөздері — 2 том
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1) оқушы қатысын тексеріп сабақтарына сәттілік тілеу.
2) Үй тапсырмасын сұрап, бекіту.
3) Жаңа сабақтың жоспарымен таныстыру.
4) Бағалау бекіту.
5) Шығармашылық тапсырма беру.
ІІ. Үй тапсырмасы:
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
2. Ыбырай Алтынсариннің табиғат лирикасына арнаған өлеңдері қандай?
3. Абай мен Ыбырай шығармаларында қандай үндестік бар?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары
1) Ақынның балалық шағы
2) Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы
3) Абай – ұлы ақын әрі ойшыл, қоғам қайраткері, төбе - би шешен
4) Ақынның өмір сүрген ортасы.
5) Абайдың саяси және тарихи көзқарастары
6) Абай және халық ағарту ісі
7) Аудармашылық қызметі
8) Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны
9) Қара сөздерінің мазмұны, тәрбиелік мәні.

І. Абай өмірі (хронологиялық кесте)

ІІ. Абайдың аудармалары:

ІІІ. Абай туралы даналық ой пікірлер
1. Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ . (А. Байтұрсынов)
2. Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек, сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым (М. Әуезов)
3. Абайдың әуелден - ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Адамға адамның баласының бәрін дос санады. Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос деген сөздері - шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізі шарты. ….. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті . ( Н. Ә. Назарбаев)
4. Өз Отанының сом алтыны (Ә. Бөкейханов)
5. Қараңғы заманда шырақ жаққан шамшырақ (М. Дулатов)
6. Әлемнің құлағынан әні кетпес кемеңгер (М. Жұмабаев)
7. Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты (М. О. Әуезов


Скачать


zharar.kz