2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өмірді күймен өрнектеген Дәулеткерей Шығайұлы
Сабақтың мақсаты Тақырып бойынша түсінік беру. Өнер арқылы ізгілікке, мәдениетке тарту және өнерді қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері Диалогтік оқыту - бірлескен іс - әрекет, сахналық көрініс, дәстүрлі оқыту
Көрнекілігі Қажетті суреттер, аспап, үнтаспа, презентация
Күтілетін нәтиже Дүниетанымы кеңейеді, өнерді құрметтейді, тақырып жайында мағлұмат алады
Негізгі идея Музыканы дұрыс тыңдай білуге дағдыландыру, ән салу икемділіктерін дамыту
Сабақтың жоспары
1. Дәулеткерей Қосалқа - тыңдау
2. С. Асанов, Ә. Бейсеуов Қошақаным қайда екен? - үйрену
3. Музыка сауаты – Төкпе күй
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасы
III. Жаңа сабақ
IV. Музыка тыңдау
Сабақтың барысы
Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. Алғашқы уақытта ол сол елдегі жеке - жеке руларды басқарып көреді. Бірақ билікте жүрген адамның амалсыздан қатігез болатынын ол нәзік жүрегімен ерте түсінеді. Туысы Жәңгір ханның қарапайым қазақтардың жерін тартып алып, шұрайлы, өзен - сулы жайылымдарды, қыстауларды кең даламызға бойлай еніп келе жатқан орыс отаршылдарына беруі Дәулеткерейдің де ызасын келтірген. Тікелей қатыспаса да XIX ғасырдың орта тұсындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне тілектес болған деген дерек те бар. Мұны оның "Жігер" атты күйінен байқауға болады.
Оның алғашқы шығармаларының бірі "Ақжелең". Бұл күй Ақбала деген өнерлі де сұлу қызға арналған. Дәулеткерейдің "Қоңыр", "Желдірме", "Керілме", "Ысқырма","Қосішек" дейтін күйлері тіршілік - тұрмыстағы әр алуан көріністерді бейнелейді. "Жұмабике" деген күйінің тарихы былай: ол кезде қыздар кішкентайынан өзі білмейтін біреуге атастырылатын салт болған. Кейін бойжеткенде, өзі сүймесе де, сол жігітке ұзатылуға тиіс. Бұған наразы жігерлі қыздар Уақытша кеңес дейтін билігі бар мекемелерге арыз айтып баратын болған. Қыз сөзі расталып, шындықтың бет пердесі ашылса, азаттық алады екен. Міне, асқан әнші, ақындық өнері рулы елге ерте танылған, өз талабымен еркіндік алған Жұмабике деген қызға ризалық сезімін Дәулеткерей күй арқылы жеткізген. 1869 жылы қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлымен кездесуі Дәулеткерейдің шығармашылық өміріндегі ұмытылмас кезең болды, олар күй тілімен табысып, бір - біріне күйшілік өнерімен тікелей әсер етеді. Дәулеткерейдің көптеген күйлері халық арасына кеңінен тараған. Оның тұрмыстық жанрдағы Желдірме , Тартыс , Ысқырма , Қосалқа күйлері; Қыз Ақжелең , Ақбала қыз , Көркем ханым , Қаражан ханым , Құдаша , Мұңды қыз , Жұмабике сияқты әйелдер бейнесін жасаған шығармалары бар. Орыс музыкасының әсерімен Ващенко , Қос ішек , Қоңыр , Топан т. б. күйлерін, 1871 жылы досы С. Бабажановтың қазасына арнап Салық өлген атты жоқтау күйін шығарды. Бұлбұл күйі де осы кезеңде туды. Дәулеткерей өмірінің соңғы жылдарына жататын күйлерінде - терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Олардың қатарында халық симфонизмінің тамаша үлгілері саналатын Демалыс , Төндірме , Керілме , Жігер сияқты күйлері бар
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма