Қан ұйығын түзетін қан плазмасының нәруызы

Скачать

Биология пәні мұғалімі Рыскулова Арай Куттыбаевна

Биология 8 сынып
Тақырыбы:
1. Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің рөлі. Артериялық қан және веналық қан
2. Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. И. И. Мечников. Фагоцитоздың ашылуы. Қабыну процестері
Мақсаты: Эритроциттердің және лейкоциттердің құрылысы мен атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптастыру
Міндеттері:
1. Білімділік: Эритроциттердің және лейкоциттердің құрылысы мен атқаратын қызметі туралы түсінік бере отырып, алған білімдерін тірек - сызба негізінде топтық жұмыс арқылы пысықтау, терминологиялық сөздікпен жұмыс жасау, тақырып бойынша тест тапсырмаларын қолданып, білімдерін қорытындылау
2. Дамытушылық: Ақпаратты талдау, салыстыру, қорытынды жасау, окулықпен және қосымша материалмен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту. Оқушылар арасында оң эмоционалдық ортаны қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Білім алуға, оқуға деген оң көзқарасты қалыптастыруға жағдай туындату арқылы ақыл - ой еңбегінің мәдениетін оқушылардың бойына дәріптеу. Топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
 Организмнің ішкі ортасы туралы білімдерін тест тапсырмалары және кесте арқылы тексеру;
 Эритроциттердің құрылысы мен қызметін тірек - сызба сызып, түсіндіру;
 Лейкоциттердің құрылысы мен қызметін тірек - сызба сызып, түсіндіру;
 Терминологиялық сөздікпен жұмыс жасай білуі;
 Қан пластинкалары бойынша кестені толтыра білу
Сабақтың түрі: Жаңа білім алу сабағы
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ - жауап, тірек - сызба, сыни тұрғысынан ойлау
Сабақта қолданылатын модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (ЖТ), Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану (АКТ ), сыни тұрғыдан ойлау (СТО), жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
Пәнаралық байланыс: химия, медицина

Сабақ барысы
Амандасу, көңіл - күйлерін сұрау, Сыныптағы психологиялық ахуалды көтеру үшін оқушыларға сергіту сәті және топқа бөлу
1 топ Эритроциттер
2 топ Лейкоциттер
3 топ Тромбоциттер

Үй тапсырмасын тексеру
1. Организмнің ішкі ортасы мен тромбоциттер тақырыбы бойынша тест тапсырмасын орындау
І нұсқа
1. Организмнің ішкі ортасы:
A) Гормон
B) Цитоплазма
С) Жұлын
D) Қан
E) Нефрон
2. Ұлпа сұйықтығы түзіледі:
A) Лимфадан
B) Қан жасушасынан
С) Жұлыннан
D) Плазмадан
E) Жүйке жүйесінен
3. Қанның ұлпасы:
A) Бұлшықет
B) Дәнекер
С) Жабын
D) Түзуші
E) Жүйке
4. Қанның құрамы:
A) Плазма
B) Лимфа
С) Капилляр
D) Нейрон
E) Остеон
5. Қан пластинкасы:
A) Ұлпа сұйықтығы
B) Лимфа
С) Фибрин
D) Альбумин
E) Эритроцит
6. Қанның гормондар мен белсенді заттарды тасымалдайтын қызметі:
A) Жылу реттеу
B) Қорғаныш
С) Гуморальдық
D) Зарарсыздандыру
E) Фильтрация
7. Организмнің ішкі ортасының құрамы мен қасиетінің тұрақтылығын сақтауы:
A) Ұлпа сұйықтығы
B) Лимфа
С) Плазма
D) Макрофаг
E) Гомеостаз
8. Лимфа түзіледі:
A) Ұлпа сұйықтығынан
B) Плазмадан
С) Фибрин жіпшесінен
D) Альбумин нәруызынан
E) Қан жасушасынан
9. Қанның дене температурасын реттеу қызметі:
A) Тасымалдау
B) Жылу реттеу
С) Қорғаныш
D) Фильтрация
E) Зарарсыздандыру
10. Лимфаның қан плазмасынан айырмашылығы:
A) Нәруыз мөлшері екі есе аз
B) Нәруыз мөлшері екі есе көп
С) Фибрин жіпшелерін түзуі
D) Су мөлшерін реттеуі
E) Оттегін тасымалдауы
Жауаптары:
1 - D, 2 - D, 3 - B, 4 - A, 5 - E, 6 - C, 7 - E, 8 - A, 9 - B, 10 - A

Жаңа сабақ
Білу
Тектіден текті туады,
Тектілік тұқым қуады.
Тектілердің тұяғы,
Таңдайды құз - қияны.
Шын тектілер халқы үшін,
Өлімге басын қияды.
Жақсы, жаман деместен,
Жанына жұртын жияды...
Бекасыл әулие (1822 - 1915)
Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер... .
( Ең мықты заңдар халықтың дәстүрлері )

Жаңа сабақ бойынша жалпылама түсінік беріп кетеді. Тақырып бойынша тірек – сызба бойынша ақпарат береді.

Қан жасушалары
• Эритроциттер - ең ірі, ядросы жоқ екі жағы ойыс дискі тәрізді қызыл жасушалар 1мм 3 қанда - 4, 5 - 5 млн.
Құрамы: гемоглобин - нәруызы бар
• Тромбоциттер - Өте ұсақ, ядросы жоқ, түссіз қан жасушалары 1мм3 қанда - 150 - 350 мың қан пластинкалары
• Лейкоциттер - Ядросы бар, белсенді қозғалатын қанның ақ жасушалары 1мм3 қанда - 6 - 8 мың.

Түсіну
қолдану
3. Тірек сызба бойынша түсіндіру
1 топ - Эритроциттерге сызылған тірек сызба арқылы түсіндіру
2 топ - Лейкоциттерге сызылған тірек сызба арқылы түсіндіру
3 топ - Лейкоциттер тобын сызылған тірек сызба арқылы түсіндіру

Анализ
Синтез
4. Әр топқа арналған тапсырма
1-топ
Қан құрамына қатысты сөйлемдерді төменде берілген сәйкес терминдермен толықтырыңыз:
фибриноген, гемоглобин, гепарин, эритроцит, интерферон, лейкоцит, антидене, лимфоцит, макрофаг, моноцит, фагоцитоз,
1. Нәруыз, қызыл қан жасушаларының құрамы_______
2. Бауыр мен гранулоциттер жасушаларынан синтезделетін ұюға қарсы кедергі болатын зат _____________
3. Қан ұйығын түзетін қан плазмасының нәруызы____________
4. Вирусқа қарсы зат_________
5. Фагоцитоз арқылы бактерияларды жоятын, қан тамырлардың ішінде қозғалып жүретін жасуша _______________
6. Ақ қан жасушаларның микроогнаизмдерді жұтуы ____________
7. Қанның ақ жасушасы _______________
8. Ең көп қан жасушасы______________
9. Антиденелерді түзетін лейкоциттердің бір түрі____________
10. Ағзада түзілетін белгілі бір антигенге бағытталған ерекше нәруыз______________
Жауабы: 1. гемоглобин, 2. гепарин, 3. фибриноген, 4. интерферон, 5. макрофаг, 6. фагоцитоз, 7. лейкоцит, 8. эритроцит, 9. лимфоцит, 10. Антидене

2 - топ
Төменде көрсетілеген сұрақтардың ішінен бірнеше дұрыс жауаптарды таңданыз:
1. Гранулоциттердің формалары:
А) нейтрофил
Б) базофил
В) эозинофил
С) фагофил
Д) лимфоцит
2. Лейкоциттердің қызметтері:
А) оттекті тасымалдау
Б) газды өкпеге жеткізу
В) қорғаныштық
С) бөгде заттарды жою
Д) фагоцитоз
3. Эритроцитке тән:
А) оттекті тасымалдау
Б) газды өкпеге жеткізу
В) қорғаныштық
С) бөгде заттарды жою
Д) фагоцитоз
Жауабы: 1. А), Б), В) 2. В), С), Д) 3. А), Б)

3-топ
Қан аурулары мен олардың ерекшелігін сәйкестендіріңіз:
1. Анемия
2. Гемофилия
3. Лейкемия
А) Қан тапшылығы
В) Қанның ұюмауы
С) Қан обыры (аққан)
Д) Қанның жылдамдауы
Е) Қанның ұюы



Скачать


zharar.kz