Тақырыбы: Амалдардың орындалу реті
Сабақтың мақсаты:
1. Жақшаның ішіндегі амалдардың орындалу ретін анықтауға есептер шығарту: Екі таңбалы сандарды оқуға машықтандыру.
2. Оқушылардың ақыл – ой, байқағыштық қабілетін, өз беттерінше жұмыс істеуін ізденушілігін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, ақыл - ой белсенділігін арттыруға тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс. Музыка, қазақ тілі.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Сөзжұмбақ, тест, кубик, баян
І. Ұйымдастыру кезеңі. Түгендеу. Математика сабағына деген дайындықтарын тексеру. Сыныпты топқа бөлу.
І топ. А басшысы -
ІІ топ. Ә басшысы -
ІІІ топ. Б басшысы -
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Сөзжұмбақты шешкізу арқылы өткен сабақты еске түсіру.
1. Ең кіші таңбалы сан
2. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш
3. Ондықтан құралған сан.
4. Бір таңбалы сан
5. Кемітетін амал
- Ал, енді жолақшаның ішін оқимыз. ЖАҚША деген сөз шықты.
- Сонымен өткен сабақты еске түсіреміз. Егер жақшалы амал кездессе, алдымен ненің іші орындалады.
- Ия, жақшаның іші.
Тақтаға үш жақшалы амалды есептер беріледі.
Әр топтан 3 оқушы шығып, өткен сабақты пысықтайды.
І (4 + 2) – 2 =
ІІ. 3 + (5 - 3) =
ІІІ. 10 - (3 + 3) =
Әр топтың оқушылары тексеріп, кімнің дұрыс орындағанын айтып береді.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 - тапсырма. Арифметикалық диктант
1. 4 пен 3 - тің қосындысынан 2 - ні азайт
2. 40 пен 30 - дың қосындысынан 20 - ны азайт
3. 8 - ге 7 мен 6 - ның айырмасын қос
4. 80 - ге 70 пен 60 - ның айырмасын қос.
2 - тапсырма. Салыстыруға байланысты тапсырма:
Әр топтан бір - бір оқушы шығып қоржыннан асық алады. Сол асықтың нөміріне байланысты есептер беріледі. Әр топ өз есебін шығарады.
• ІҮ. Сергіту сәті
Математикалық қызықты есеп.
3 - тапсырма Кубизм
Әр топтың алдына кубик берілген, сол кубиктегі берілген теңдеуді шығару керек. Егерде музыка кілті түссе, ән айтады.
1) х + 9 = 10
2) 10 – х = 1
3) х – 1 = 9
4) музыка кілті
4 - тапсырма. Әр топқа есептің шарты беріледі. Соған әрбір топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға орындайды.
1 топ. 1 - ші ыдыста 10 қызанақ --------------- ІІ топ. 1 - ші ыдыста 10 қызанақ
2 - ші ыдыста -? 4 қызанақ артық ------------- 2 - ші ыдыста 14 қызанақ
2 - ші ыдыста неше қызанақ? ------------------ Барлығы неше қызанақ?
ІІІ топ. 1 - ші ыдыста -? 4 қызанақ кем
2 - ші ыдыыста 14 қызанақ
1 - ші ыдыста неше қызанақ?
6 - тапсырма. Кім шапшаң? ойыны арқылы орындату.
Әр толық ондықпен 8 қосындысын жазу.
Ү. Сабақты бекіту. Шығармашылық тапсырма беріледі.
Тестік қималар таратылады.
1. (6 + 2) + 2 ---------- 2. 10 – (3 + 4) ---------- 3. 3 + (8 - 4)
а) 8; а) 7; а) 7; -------- ә) 10; ә) 6; ә) 4; ----------- б) 4; б) 3; б) 11
Бағалау.