Сабақтың тақырыбы: Алпамыс батыр жыры
Сабақтың мақсаты:
а) батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, іздендіру т. б
Сабақтың көрнекілігі: Батырлар жыры кітабы, дидактикалық материалдар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге Қобыланды батыр жырының кейіпкерлеріне мінездеме беріп келуге берілген соны тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Қобыланды батырдың ерлігін қандай іс - әрекеттерімен байқадыңдар?
2. Жағымды кейіпкерлерге кімді жатқызасыңдар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Алпамыс батыр жырының мазмұнын түсіндіремін.
1. Байбөрінің баласыз жүруі. 2. Ұлтанды асырап алуы.
3. Ұлтанның бұларға зорлық - зомбылық көрсетуі
4. Аналықтың зар жылауы. 5. Әулие – әмбиелерден бала сұрауы.
6. Алпамыс пен Қарлығаштың дүниеге келуі
Кітаппен жұмыс: Кітаптан жырды мәнерлеп, нақышына келтіре оқытқызып, түсінгендерін сұрап отырмын.
Екеуара жұмыс: Екі оқушыны тақтаға шығарып, Алпамыс пен Гүлбаршынның диалогын кезек оқытқызамын.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Не себепті Ұлтанды бала етіп асырап алды?
2. Алпамыс қандай кедергілерге ұшырады?
3. Кейқуат қандай көмек көрсетеді?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Алпамыс батыр жырын оқып, мазмұндап келуге беремін.
Алпамыс батыр жыры. слайдты жүктеу