Энергия

Скачать

Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық
Физика
Үздік ұстаз бәйгесіне
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға энергия ұғымын физикалық шама ретінде, энергияны сақталу заң ретінде түсіндіру. Потенциалдық және кинетикалық энергиялармен оның өлшем бірліктерін меңгерте отырып, жұмыс пен энергия арасындағы байланысын көрсету, формулаларын түрлендіре есептеуде қолдана алуды үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, теориялық білімі мен физикалық тілін, теориясын ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа баулу, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, физикалық диктант, тест тапсырмалары, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, электрондық оқулық, презентация материалдары.
Пәнаралық байланыс: Математика, информатика.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі;
а) Оқушыларды түгелдеу.
б) Оқушылардың оқу, құрал - жабдықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;
а) Физикалық диктант.
б) Тест тапсырмасын орындау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Сабақты қорытындылау;
V. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.

ІІ. а) Физикалық диктант.
1. Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылған жұмыс......... деп аталады.
2. Істеген нақты жұмыстың формуласы...........
3. Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама......... деп аталады.
4. Қуаттың SІ жүйесіндегі өлшем бірлігі.........
5. Қуатты табу формуласы..........

б) Тест тапсырмасын орындау.
1. Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қайсы шамаға тәуелді емес?
А. Сұйық тығыздығына.
Б. Сұйық көлеміне.
В. Сұйық бағанының биіктігіне.
2. Жер бетінен жоғарылаған сайын атмосфералық қысым қалай өзгереді?
А. Артады.
Б. Өзгермейді.
В. Кемиді.
Г. Әуелі артады, содан кейін кемиді.
3. Атмосфералық қысымды өлшейтін прибор қалай аталады?
А. Барограф.
Б. Барометр.
В. Гигрометр.
Г. Спидометр.
4. Атмосфералық қысым 760 мм сын бағанына тең деген сөз нені білдіреді?
А. Атмосфера биіктігі 760 мм - ге тең.
Б. Атмосфералық қысым биіктігі 760 мм сынап бағаны ішіндегі қысымға тең.
В. Атмосфералық қысым шартты алынған қысым бірлігі мм сын бағанынан 760 есе артық.
5. Сутегі толтырылған ауа шары жер бетінен көтерілгенде оның көлемі қалай өзгереді?
А. Ұлғаяды.
Б. Кішірейеді.
В. Өзгермейді.
Г. Әуелі ұлғаяды да кейін кішірейеді.
6. Атмосфералық қысымнан артық немесе кем қысымды өлшейтін прибор қалай аталады?
А. Альтиметр.
Б. Динамометр.
В. Барометр.
Г. Манометр.
7. Гидравликалық машинадағы сұйықтың кез - келген нүктесіндегі қысым..........
А. Барлық нүктелерінде бірдей.
Б. Үлкен қақпақты ыдыста көп.
В. Кіші қақпақты ыдыста көп.
Г. Әр нүктесінде әр түрлі.
8. Сұйықтағы кері игеруші күш...........
А. Сұйыққа батырылған дене көлеміндегі сұйықтың салмағына тең.
Б. Сұйыққа батырылған дене көлеміндегі дененің салмағына тең.
В. Сұйыққа батырылған дене көлеміне тәуелді емес.
9. Архимед күшін анықтайтын формуланы көрсетіңдер?
А. FA = gpV
Б. FA = mg
В. FA = pS
Г. FA = gphS
10. Дене сұйыққа батып кету үшін қандай шарт орындалуы керек?
А. FA = P
Б. FA P
В. FA < P

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сығылған серіппенің кері тебілу барысында
денелер қозғалысқа келіп, жұмыс істеледі.
Бұдан сығылған серіппенің жұмыс істеуге қабілетті
екенін білеміз.
Қозғалыстағы денелердің істеген жұмысы сол
денелердің массаларына тәуелді.

Дененің істеген жұмыс сол дененің жылдамдығына да тәуелді.
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама энергия деп аталады.
Энергия бірлігі 1 Джоуль=ватт•секунд.
Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде
1 киловатт•сағат=3600000 Вт•с=3600000 Дж
Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Жоғары көтерілген дененің потенциалдық энергиясы сол дененің массасына және көтерілу биіктігіне тәуелді.

Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия кинетикалық энергия деп аталады.
Денелердің кинетикалық энергиясы сол денелердің массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді.

Дененің механикалық энергиясының өзгерісі атқарылған жұмыстың шамасына тең:
ІV. Сабақты қорытындылау.
Тақтаға есептер шығару.
1. Жер бетінен 3 м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясы неге тең?
2. Массасы – 80 кг, жылдамдығы 5 м с велосипедшінің кинетикалық энергиясы неге тең?
3. Әр минут сайын насос 10 л суды 2, 1 м биіктікке шығарады, бұл жұмысты жасау үшін қандай қуат жұмсайды?
4. Ат арбаға 400 Н күш түсіре отырып, 0, 8 м с жылдамдықпен оны бір қалыпты тартып келеді. Ол 1 сағатта қандай жұмыс істеді?

V. Оқушылардың білімдерін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру: § 53 оқу. 39 - жаттығу № 1, 2, 3 есептерін шығару.

ОҚО, Шымкент қаласы,
Б. Өтеп атындағы Өнер мамандандырылған мектеп - интернаты КММ
Жаркинбекова Багира Советовна

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz