Есептің негізгі сұрағын ата

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Екі қосылғыштың қосындысын табуға арналған құрама есеп
Сабақтың мақсаты: Екі қосылғыштың қосындысын табуға арналған құрама есептерді шығару алгоритмдермен танысу.
Міндеттері:
• Құрама есеп ұғымын енгізу;
• Құрамына бірнеше бірліктерге арттыруға (кемітуге) берілген қарапайым есептер кіретін екі қосылғыштың қосындысына табуға арналған құрама есептерді шығару алгоритмдерімен танысу;
• Салыстыру, жүйелеу білігін дамыту;
• Математикаға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық тапсырма, түсіндіру т. б.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, дидактикалық материялдар т. б.

Сабақтың жүрісі
Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу, түгелдеу
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Тірек білімдерін жетілдіру:
1.
13 - 3 - 4=6
6+(12 - 7)=12
50+(12 - 6)=56
15 - 5 - 8=2

2. Қосуды тиімді тәсілмен есепте:
9+8+1
32+5+3
7+7+3
- Есептеу үшін біз қандай ереже қолдандық?
- Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.

Жаңа материалмен таныстыру
- №1
Қыстыгүні құс ұясына 9сары шымшық және одан6 - уы кем суық торғай ұшып келді. Ұяға барлығы неше құс ұшып келді?
Сызба нұсқа:
(Талдау негізіндегі граф схемалар түрінде есептің математикалық моделін құру).
- Есептің негізгі сұрағын ата.(Құс ұясына барлығы неше құс ұшып келді?)
- Біз бұл сұраққа бірден жауап бере аламыз ба?(Жоқ) Тор көздің ішіне сұрақ қоямыз.

- Есептің негізгі сұрағына жауап беру үшін нені білуіміз керек?(Сары шымшықтың және суық торғайдың санын).
- Оны схема түрінде былай көрсетеміз:

Егер бізге осы деректер белгілі болса, онда есептің сұрағына жауап беру үшін қандай амал қолданған болар едік?(Қосу амалын)
Оны схема түрінде былайша көрсетеміз:

- Бұл схемада бізге не белгілі, не белгісіз?(сары шымшық - 9, ал суық торғай белгісіз)
Бірінші тор көзге 9санын, ал екіншісіне сұрақ белгісін қоямыз:

Неше суық торғай ұшып келгендігін білу үшін нені білгеніміз дұрыс?(Сары шымшықтардың санын және олардан суық торғайлардың нешеуі кем екендігін).
Бұны қандай амал арқылы табамыз? (Азайту амалымен).

Ол схема түрінде былай болады:

Бұл мәліметтер бізге белгілі ме?( Иә, сары шымшық - 9, ал суық торғайдың 6 - уы кем).
Бір тор көзге 9 санын, ал екіншісіне 6 санын жазамыз.
Сонымен:
Шешуі
9 - 6=3(торғай)
9+3=12(құс) Жауабы: 12құс

№2 Қолайлы тәсілмен есепте:
8+3+4=15
4+6+5=15
12 - 7 - 4=1
6+7+2=15
12 - 4 - 2=6
6+7+3=16.

№3 Эстафеталық жарыс
Қай топ шапшаң
1дм*1см
1дм4см*12см
30см*5дм
2дм*10см
1дм9см*9дм
17см*3дм

СЕРГІТУ СӘТІ: музыка арқылы қимыл
№4(1) Сызбанұсқасын жасап, есепті шығар.
6+3+6=15

№5Хайуанаттар бағында 14 пингвин және10 ақ аю бар. Хайуанаттар бағында ақ аюларға қарағанда пингвиндер қанша артық?
Ш: 14 - 10=4(п)
Жауабы: пингвиндер артық
№6 Есепті шығару.

№7 Жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар
5+6 - 3
30+(12 - 5)
7+8 - 10
(45 - 40)+6
60 -(23 - 3)
4+5+3
6+7 - 10
15 -(6+4)
20 -(18 - 9)
№7

№8 Алдаркөсені тексер
(3см+2см)+5см=10см
(9дм+8дм)+1дм=17дм
4см+(2см+3см)=10см
9дм+(5дм+1дм)=16дм

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма


Скачать


zharar.kz