Тақырыбы: Дене жаттығуларының жеке тұлғаның денсаулығы мен сымбатына әсері.
Мақсаты: Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің бірі:
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын қалыптастыру.
Физикалық жаттығулардың, бидің жеке тұлғаның салауатты өмір салтын қалыптастыруда жүрек жұмысына әсерін теориялық, практикалық тұрғыдан меңгерту. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, тәуелсіз ойлауына, өз идеяларын ұсына білуге ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: Дене жаттығуларының жеке тұлғаның денсаулығы мен сымбатына әсерін практикалық тұрғыдан зерттеп үйренеді. Оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды, өз бетінше ізденеді, өз білімдерін тексеріп бағалайды, достық қарым - қатынас жасайды, білімдерін нығайтады.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. Биология, психология, дене тәрбиесі, би.
Сабақ өткізу әдісі: Практикалық сабақ
Оқытуда қолданылатын модульдер Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Білім беруде АҚТ пайдалану.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топтастыру, бағалау, Блум, диалог, практикалық жұмыс, бақылау қорытындылау
Ресурстар: Интерактивті тақта, ноутбук, оқулық, слайдтар, қызыл, көк түсті шарлар, Spark құралы,
Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару. Оқушыларды қызыл – көк шарлар үлестіру арқылы топқа бөлу. Оқушылар сабаққа назарын аударып, бір - біріне қарама - қарсы тұрып жылы лебіз сыйлайды. қызыл – көк түсті шарлар таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді
Психологиялық тренинг Шын жүректен айтылған сөздер
Музыкалық әуен. С. Тұрысбек Көңіл толқыны Оқушылар көздерін жұмып, өздері айтқан немесе оларға айтылған жақсы сөздерді, алған алғыстарын, жасаған қайырымдылықтарын ойлау тапсырмасы беріледі. Музыкалық әуенге көздерін жұмып, ойлану арқылы ойлап ойларын шын жүректен айтады Топ оқушылар бір - бірінің ойларын тыңдап, 3шапалақ арқылы бағалау жүргізеді.
Білу:
Жаңа сабақ
Биология пәні мұғалімі: Сабағымыз шын жүректен айтылған сөздермен бастама алды. Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының мақсатына сәйкес өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, сапалы жан - жақты білім мен тәрбие беру арқылы интеллектуалды деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру қажет.
Сондықтан сабағымыздың тақырыбы: Дене жаттығуларының жеке тұлғаның денсаулығы мен сымбатына әсері
Интерактивті тақтадан жүрек жұмысы бейне фильмі көрсету. Оқушылар сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысады. Интерактивті тақтадағы бейне материалға назар аударады
Түсіну: Болашақ кардиолог маманы 10 класс оқушысы Қадіржанов Мирас жүрек жұмысы туралы зерттеу жұмыстарымен және практикалық жұмыстың тақырыбын, мақсатын және Spark құралымен таныстырады. Оқушылар жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейтеді. Топ өзара қорытындылайды. Топ оқушылары шапалақ соғу арқылы бағалау жүргізеді
Қолдану: Зерттеу жұмыстарын 10 класс оқушысы Қадіржанов Мирас жүргізеді.
1 - сұрақ: Тыныштық кезеңінде адам қандай сезімде болады?
2 - сұрақ: Дене белсенділігінің жүрек жұмысына әсері қандай?
3 - сұрақ: Бидің денсаулыққа әсері қандай? сұрақтары қойылып, жауап алынады.
1. Тыныштық. Құлпырған дүниені сезіну, мақсаттарға жол салу, арман атты, тұлпармен алыс - алыс жақтарға сапарлау, көңілдегі көлеңкені аппақ бұлттарға алмастыру, сезімге берілу, санадағы сансыз жағымсыз ойлардан арылу, міне бір сәт тік тыныштықтың құдіреті.
2. Дене белсенділігі біздің өмірімізде маңызды роль атқарады, бірақ біздің тек бір бөлігіміз ғана қандай да бір спортпен тұрақты шұғылданамыз. Жүйелі дене белсенділігі көптеген аурулардың алдын алудың тиімді әдісі болып табылады. Ол денсаулықтың күйін әр түрлі қалыпта жақсартады: жүрек бұлшықетінің қызметін төмендетеді. Жүрек - қан тамырлары ауруларының қауіп - қатерін төмендетеді
сүйектің салмағын арттырады.
3. Би өнері әсемдік әлемінің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді, ерекше қуаныш сыйлайды, толқу сезімін оятады, өмірге деген құштарлығын арттырады. Би өнері жеке тұлғаны қалыптастыруда музыка тыңдауға, ырғақты сезініп, билеуге, мәнерлі қимыл – қозғалыс жасауға тәрбиелеп, дене бітімін сымбатты болып өсуіне жол ашады. Оқушыларға: тыныштық кезеңдегі, дене жаттығуларын орындау, қара жорға би билеу кезеңдерін дене тәрбиесі мен би үйірмесінің жетекшісі Шайманова Айгүл және биология пәнінің мұғалімі Мыңжасарова Гульназ жүргізеді. Оқушылар зертханалық жұмыстың тақырыбымен танысып, мақсатын түсінеді Оқушылар дене жаттығуларын, би қимылдарын музыкалық әуенмен көрсетеді Мұғалім зертханалық жұмыста нәтижеге жеткен оқушыларды мадақтайды.
Анализ, синтез:
1. Тыныштық кезең
2. Дене жаттығулары
3. Қара жорға биі
Кезеңдері орындалған соң, практикалық жұмыстар жүргізеді. ЭКГ датчигі жүректің электр сигналдарын анықтайды. PASPORT жүрек ырғағы жиілігінің қол сенсоры 1 минут ішіндегі соғу санын және әр бес секунд сайын соғудың орта санын есептейді. Қорытындыларын интерактивті тақтадан немесе ноутбуктен көрсетіп, жүрек жұмысын салыстырып отырады. Оқушылар практикалық жұмыстарды орындап, сабаққа белсенділік көрсетеді. Мұғалім зертханалық жұмыс қорытындысы бойынша оқушыларды бағалайды.
Рефлексия Жүректен – жүрекке
Топ оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтып, берілген қызыл жүректерді кеуде қуысының сол жағына орналастыру қажет. Топқа бөлінген кезде қолданған қызыл, көк шарлардың түстерінің жүрекке әсер ету мәні түсіндіріледі.
Қызыл түс: жүрек бұлшықеттің жұмысын жақсартып, гемоглобиннің көтерілуі, иммунитетті көтеріп, адамға жылылық сезім береді.
Көк түс: Иммунитетті көтеріп, ауру түрлерінің жазылуына, қан тоқтатуға әсер етеді. Сенім, үміт, ашық шынайы ойын айтуға көмектеседі.
Қызыл - көк Жүректілік, батылдық. Жүйке жүйесінің тыныштығы.
Топ оқушылары жақсы тілек айту арқылы, түрлі - түсті шарларды ұшыру арқылы жүрек пішінін жасайды. Мұғалім де оқушыларды шын жүректен мадақтайды
Рефлексия Оқушылар ұстаздар сабақ туралы өз ойларын, пікірлерін білдіру керек. Оқушылар стикерлерге өз ойларын жазады.