Біріккен сөз ұғымын түсіндіру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға біріккенсөз туралы ұғым беру.
Біріккен сөзді үйрете отырып, сөздердің қатесіз жазуға баулу;
Оқушының білімге қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істей білуге баулу. Олардың топпен жұмыс істей білуге, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Тіл байлығын, шығармашылық қабілет терін қалыптастыру;
Оқушыларды сауатты, көркем жазуға баулу, өз бетінше ізденуге үйрету;
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а оқушыларды сабаққа әзірлеу
ә Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
б Психологиялық дайындық.
Мен қандаймын? Әркім өз есімінің басты әріпіне байланысты сын есімді айтады. Адина - ақылды, Ермек - ерекше т. б.
2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақ
Суретті диктант
- Суретте не көріп тұрсыңдар? Соны әдемі, көркем етіп дәптерлеріне жазыңдар.
Кемпірқосақ, бәйшешек, тасбақа, күркетауық, аққу, аққала, қолшатыр, асқабақ т. б.

- Балалар міне біз қандай сөздерді дәптерімізге жаздық.
Балалар бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы Біріккен сөз
2. Біріккен сөз ұғымын түсіндіру. Ережесін шығару.
3. Тақтадағы сөздерді оқу арқылы сабақты меңгерту.
Балмұздақ, шаңсорғыш, қосаяқ, итмұрын, өнеркәсіп, баспасөз

4. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу ауызша орындау Сөздерді оқу. Олар қалай жасалған?
Әр сөз неше түбірден құралған?
Талдықорған, егеуқұйрық, еңбеккүн, Жетіқарақшы, Қаламқас, Жұмабай, беташар, асатаяқ, ақсүйек, алтыбақан т. б.
2 - жаттығу Жазбаша орындау Берілген сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз.
Кісі аттары: Орынбасар, Жұмабай, Айгүл
Аң, құс атаулары: Егеуқұйрық, аққу, бірқазан
Ойын атаулары: Ақсүйек, алтыбақан
Дене мүшелері: Ұлтабар, асқазан, сегізкөз
Екібастұз сөзінің құрамын талда. Неше түбірден бірігу арқылы жасалған


Скачать


zharar.kz