Кәрім Сауғабаевтың Нан туралы өлең шығармасын оқушыларға мәнерлеп оқу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Нан туралы өлең Кәрім Сауғабаев

Сабақтың мақсаты:
а білімділігі: Оқушыларға өлеңнің мағынасын түсіндіру, RWST стратегияларын пайдалана отырып ойлануға, ізденіп нәтиже шығаруға баулу.
ә тәрбиелілігі: Нанның қасиетті ас екендігін ұғындыру, еңбекті бағалауға үйрету.
б дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік әдіс Топтау әдісі,
RWST әдісі
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кітап, дәптер, слайд.

Сабақтың жүрісі: 1. Қызығушылықты ояту сатысы:
1. Өзін - өзі тану пәні элементін қолдану, сәлемдесу:
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық

2. Өткен материалды қорыту, ойқозғау мақсатында сұрақ – жауап;
1. Біз ана тілі пәнінен қандай тарауды меңгеріп жатырмыз?
2. Біздің Отанымыз?
3. Отанымыз қандай байлықтарымен дүние жүзіне мәлім?
4. Еліміз шаруашылықтың қай түрімен айналысады?

2. Мағынаны тану сатысы:
Кітаппен жұмыс;
Жаңа сабақ 1. Тақтадан Ас атасы - нан тақырыбына слайд көру ұсынылады.
2. Көрген слайдқа байланысты жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Кәрім Сауғабаевтың Нан туралы өлең шығармасын оқушыларға мәнерлеп оқу.

Кәрім Сауғабаев 1941 жылы 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданының Едірей ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Балаларға арналған өлеңдері 1972 жылы кітап болып басылып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық Ленин туы газетінің редакторы болып жұмыс жасаған. Шығармалары: Мойындау. Өлеңдер Жазушы 1972ж; Көктем келді, алақай, Өлеңдер Жалын 1977ж: Ақша қар. Өлеңдер. Жазушы
1980ж; Балқан таудың басында. Өлеңдер. Жазушы 1982ж. Үлкендерден үлгі аламыз. Өлеңдер. Жазушы 1983ж жарық көрген.

3. Нан туралы өлең өлеңін мәнерлеп оқып беру.
4. Тізбектей оқу Оқушыларға жаңа материалды оқыту, таныстыру
5. Топпен жұмыс: Әр топқа парақшадағы тапсырмалар беру
Нан - өмір, нан - ән, нан - нәр, себебі...
Нансыз тыныштық болмайды, себебі...
Бір дән жатса, еңкейіңдер, көтеріңдер, себебі...

6. Сергіту сәті;
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

7. Топтық жұмыс;
Нан дастарханға қалай келді? Слайд бойынша әңгімелеу
Еңбек туралы мақал жазу.
Нан сөзіне Бес жол өлең құру.
8. Ескендір Хасанғалиевтің Ақ бидай әнін айту, музыкамен.

3. Ой толғаныс сатысы:
9. Оқушылар біздің дастарханымыздағы нан тағамдарын атайықшы;
Тоқаш, бәліш, торт, тәтті кекс, печенье, бауырсақ т. б.
10. Ал осы бауырсақты қалай жасаймыз? Аналарыңнан көргендерің бар ма?
бауырсақтың жасалу жолдарын оқушылар баяндайды.
11. Ортаға бауырсақ әкелу.
Біз нені үйрендік? Қорытынды. Бағалау.


Скачать


zharar.kz