Балаларға өздерінің отбасы туралы түсінік бер

Скачать

Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық
Оқу іс - әрекеті: Айналамен қоршаған орта

Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты: Балаларға өздерінің отбасы туралы түсінік бер. Ақыл – ойын, логикалық ойлау қабілетін тілін дамыту. Достыққа тәрбиелеу, үлкенді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: Суреттер, нақыл сөздер

Әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті: І ұйымдастыру
Шаттық шеңберін құру
Іздену – ұйымдастырушы
ІІ кіріспе

№ 2 слайд
- мынау ненің суреті?
- балалар отбасы деген кімдер?
- обасы мүшелеріне кімдер жатады?
- дұрыс айтасыңдар балалар қане балалар шалқан ертегісін еске түсіріп көрейікші?
- ата, әже, қыз
- олар қайда тұрады?
- шалқанды кім отырғызады? Ол қандай болып өседі?
- үлкен шалқанды қалай жұлды?
- кім кімге көмектесті?

Балалардың іс - әрекеті
Дөңгеленіп шаттық шеңберін құрады.
Мейрімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
Апай сізді көргенімізге қуаныштымыз

ІІ кіріспе
- отбасылардың
- бір үйде тұратын адамдар
- әкем, анам, әжем, атам, ағам, апам, қарындасым, мен, інім
- үйде тұрады
- атасы отырғызды
- үлкен болып өседі
- атасы үйіндегі адамдарды көмекке шақырды
- бір - бірін жақсы көріп, сыйлап, өзара көмектесетін адамдардың отбасын тату отбасы деп айтады


Скачать


zharar.kz