Барлық оқушылар. Кейбір оқушылар

Скачать

Математика 1 сынып
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шамаларды өлшейміз
Сабақ тақырыбы: Ұзындықты қалай өлшейміз?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1. 1. 3. 1 ұзындық өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшемдер жүргізу.
1. 1. 3. 2 см өлшем бірлігін қолдану арқылы шамаларды өлшеу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Ұзындық шамаларын ажыратады және өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдайды; ұзындық өлшем бірліктерін біледі, жазады.
Көптеген оқушылар: сызғыштың көмегімен ұзындықты өлшейді.
Кейбір оқушылар: Логикалық тапсырмаларды орындай алады.
Бағалау критерийлері - Ұзындық шамаларын ажыратады.
- ұзындық өлшеу құралдарын дұрыс таңдайды.
- ұзындықты өлшейді және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазады.

Сабақтың басы 3 мин
Психологиялық ахуалды тудырып, сабақ мақсатын ашу үшін Өз орныңды тап ойынын өткізу (бойының, шашының, көйлегінің, т. б ұзындығына сәйкес сапқа тұру, өз орнын дыбыссыз табу).

Ширату жаттығуы:
Назар аудартуға арналған жаттығу
- Слайдты анықтап қарап алыңдар. Мен екі минуттан кейін суретті жауып тастаймын, ал сендер осы суретті геометриялық фигуралардан құрастыруларың керек.

Сабақтың ортасы
Ой қозғау . 38 тотықұс мультфильмінің үзіндісін көрсету, сабақтың тақырыбын ашу)
Мультфильмнің көрсетілімі (Балалардың жауабы)
1 - тапсырма
Шарты: Әртүрлі заттарды сызу, салу.
Сызық сыз:
• өз қаламыңның ұзындығына тең;
• қаламыңның ұзындығынан қысқа;
• қаламға қарағанда ұзын.
Шаршы сал:
• өз өшіргішіңнен биік;
• өшіргішіңнен аласа;
• биіктігі тең
Өзара тексеру.
Дескриптор: 1. Сызылады 2. Салады

2 - тапсырма Жалғыз аяқ жолды өлшеу (болжау әдісі)
- Көздеріңе елестетіңдер. 38 тотықұс мультфильмінің кейіпкерлері сияқты тышқан мен бөлтірік жолдың ұзындығын өлшемекші болыпты.
- Оны қалай өлшеуге болады? Кім көрсетеді?
- Кім сызғыштың көмегімен өлшейді? Қалай ойлайсыңдар қай өлшем нақты болды?

Бірінші қалалық жалпы білім бретін лицей
Мұғалімнің аты - жөні: Канапина Г. К.
Ұзындықты қалай өлшейміз? жүктеу


Скачать


zharar.kz