Сыныптан тыс жұмыс Алтын қақпа танымдық ойыны
Тақырыбы: Абай лебі - заманының тынысы, Абай үні - ғасырлардың өрісі
Мақсаты:
Білімділігі. Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тексеріп, танымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Дамытушылығы: Оқушылардың тіл мәдениетін, тіл байлығын, сөздік қорын, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, тәртіпке, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: танымдық - ойын сабағы
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ұпай жинауға арналған жұлдызшалар, жауап беру белгілері, төсбелгілер (бейдж), топ аттары жазылған парақшалар.
Ойынның барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін бізде 7 А және 7 Б сынып оқушылары Ұлы ақын, кемеңгер, философ, сазгер, ағартушы, аудармашы, ойшыл Абай Құнанбаев туралы ізденіп, оқыған - білгендерін ойға түйіп, еске түсіру үшін Алтын қақпа танымдық ойынында білімдерін сынағалы келіп отыр. Абайдың әр сөзінің мән - мағынасына үңіліп, терең бойға сіңіру - тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше, бүгінгі ойынымызға Абай лебі - заманының тынысы, Абай үні - ғасырлардың өрісі деген тақырыппен 7 А және 7 Б сынып оқушыларын шақырамын.
ІІІ. Ойынға қатысатын топпен танысу.
Топ басшылары, өз топтарыңды және топ ұранын таныстырып өтіңдер.
Топқа бөлу: Әр топ үш оқушыдан тұрады.
І топ. ДАНАЛАР тобы. Ұраны: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге.
Кетігін тап та, бар, қалан