Дастархан мәзірі

Скачать

Сахнаға бастаушылар әңгімелесіп шығады.
1 – бастаушы:
- Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толып, еңбегінің жемісін жеп, адамзаттың да нағыз той тойлар шағы емес пе?!
2- бастаушы:
- Иә, қазекем бұрынырақ пішен шабылып, астық орылып, мал жайлаудан түскеннен соң, шаруаның реттелгеніне қуанып, күзде сабан той жасап жатпаушы ма еді?
1-бастаушы:
- Дұрыс айтасың! Сол ізгі дәстүр біздің шағын орталықта да жалғасын тауып жатыр.
- 2-бастаушы:
- Ондай болса, жұртты тойға шақырайық!
1-бастаушы:
- Армысыздар, ағайын, қош келдіңіздер!
Күн суытып, ызғарланып,
Аңызақта қаңбақ жүр.
Сабан тойды бастаңдар да,
Алтын күзді таң қалдыр!
2- бастаушы:
Қызыл қырман,
Қызықтырған.
Қайтадан бір жандансын.
Сағымдайын жүзіп қырда,
Сағындырған ән қалсын.
Күз жомарт әнін қазақтың ұлттық киімін киген сәбилер тобы орындайды.
Сахнаға топтар түрлі ұлттық киімдермен шығады.
1- Бастаушы:
- Әдемі ән әуенін естіп, ел де жиналып жатыр.
- Иә,солай.Тіпті шет елдік қонақтар да бар сияқты. Өңдері де бөтен ,киім киістері де өзгеше.
- Балдырған:
- Сіздер қалай байқамағансыздар? Олар біздің кешімізге қатысуы үшін келген меймандарымыз!
- 2-бастаушы:
- Ендеше ортаға меймандарымызды шақырайық.
- 1- бастаушы
- Өзбек өз ағамыз демей ме, қазекем. Өзбекстаннан келген меймандарды қарсы алайық!
Сәбилер тобы өзбектің ұлттық киімімен шығады.
2- бастаушы
- Шекаралас көршіміз Ресейден келген қонақтарды қарсы алайық
- Сәбилер тобы орыстың ұлттық киімімен шығады.
- 1- бастаушы:
- Бүгін керемет бір сайыстың болатын түрі бар.Ендеше ортаға әділ қазылар алқасын шақырайық.( Әділ алқалар алқасымен таныстыру )
- 2- бастаушы:
- Өнер қуып қонақтар өтер деймін,
- Бір басына өнері жетер деймін.
- Бәскеге түс, ал кәнеки, кезектесіп,
- Таныстырып өздерін өтер деймін.
- Таныстыру. 1- кезең.Әділ қазылар алқасы бағалайды
- Мінеки, қонақтармен таныстық. Айтпақшы тойбастар, қонақ кәде деген болмаушы ма еді? Қане, той бастарды бастайық.

- Ән сайысы. 2-кезең. Әділ қазылар алқасы бағалайды
- Тойбастарды қазақтың ұлттық киімін киген топ бастайды.
- Той бастар айтылды, қонақ кәде қайда?
- Өзбектің, орыстың ұлттық киімін киген топтар қонақ кәдені орындайды
- Бастаушы:
- Ән тыңдап сергіп қалған секілдіміз.Дәл осындай той күні әсем әуен құшағында тербеліп би билегенге не жетсін!
- Ендеше, өз өнерімізді ортаға салайық.
- Би сайысы.3- кезең . Әділ қазылар алқасы бағалайды
- 1- Бастаушы:
- Той болған соң дастархан мәзірінсіз болмайды ғой.
- 2- Бастаушы:
- Тойға арналған дастархан мәзірі дайын. Қонақтар да құр қол келмепті.Ұлттық дастарханнан дәм татсын деген ниетпен сыбаға да ала келіпті.
- Дастархан мәзірі.4- кезең. Әділ қазылар алқасы бағалайды
- 1- бастаушы:
- Күз айында денсаулығымызды нығайтуға көп мүмкіндіктер бар. Өйткені, денсаулықтың ең жақын көмекшілері дәрумендер, дастарханға кеп түскен жеміс-жидек, көкөністерде өте көп. Ол қандай жеміс, көкөніс? Ойланып көрейікші?
- Жұмбақтар шешу. 5- кезең. . Әділ қазылар алқасы бағалайды.
- 2- бастаушы:
- Күздің тойы – сабан той да мәресіне жетті. Кешіміздің қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.
- Қорытындылау.
- Марапаттау.


Скачать


zharar.kz