Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы туралы түсініктерін ұлғайтуМіндеттері

Скачать

Мақсаты: Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы туралы түсініктерін ұлғайту
Міндеттері: Қырық мысал , Маса жинақтары туралы түсінік беру, шығарманы оқып түсінуге жаттықтыру. Абай екеуінің ұқсастығын салыстыруға, ой - толғау жасауға дағдыландыру.
Құралдар: Ахмет Байтұрсыновтың, Абайдың суреттері, шығармалары
Сабақ түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру
ХХ ғ қандай ақын - жазушыларын білесіңдер? (әңгімелесу)

Жаңа сабақ:
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтардаТорғай уезінде Ақкөлдің жанында Сартөбек деген жерде туған. Әкесі Байтұрсын кедей кісі болған, бірақ ағайын арасында сыйлы, сабырлы болған. Анасы Күнші өте ақылды, төзімді, ауыл арасында сыйлы, ауыр мінезді, сөзге сараң кісі еді. Балаларының оқығанын тілеген, Ахметтің оқуына көп себеп осы адамнан болған. Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік, мұғалімдік істері өз заманында аса жоғары бағаланған.
М. Әуезов: Ақаң ашқан қазақ мектебі, түрлеген ана тілі, салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, Қырық мысал , Маса еңбегі, Қазақ газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер - білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да, тарих ұмытпайтын істер болатын .
16 - 17 бетер: аудармаларымен танысу, 25 беттегі сөздікті пайдалану

Тапсырма: Қырық мысал , Масадан үзінділер оқу, аудару, мағынасын түсіндіру
Абай екеуінің де аудармалары бар екенін айту. Ұқсастығын айту салыстыру, Венн диаграммасын жасау

Бекіту: Қырық мысал , Маса - басты тақырыптары не?
Басқа қандай шығармаларын білесіңдер?
Үйде: қалаған шығармасынан үзінді жаттау, 28 бет – сұрақтарға жауап беру.
Қорытынды: бағалау, қоштасу


Скачать


zharar.kz