Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат бер;
2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, елжандылыққа, отан сүйгіштікке, азаматтыққа баулу
3. Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу.
Әдісі: Саяхат сабақ, сұрақ - жауап.
Көрнекілі: Интерактивті тақтадан портреттер, фотосуреттер, еліміздің рәміздері, Астана суреттері.
Тәрбиеші: Көк байрақты туым бар,
Рухы биік елім бар
Ырыс пен арды ойлаған,
Ел басқарған ерім бар.
Егеменді Отанымның,
Қасиетті қазағымның,
Ел басы кім айтыңдар?
1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген, ар мен намыста биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат алмақпыз.
Тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: Мен өз халқымды сүйемін . Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын. Мен осы халықтың қаны мен жанынан жаралған перзентпін, сондықтанда қиын кезеңде өз мойныма түскен ауыр жүкті көтеруге міндеттімін.
Оқушылар Астана және Бәйтерек 2 тапқа бөлініп мынадай сұрақтарға жауап береді.
1 - аялдама Қазақстан
Сұрақтары: 1. Қазақ ССР - нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қай жылы қабылданды?
2. Қазақстан тарихындағы алғашқы бүкіл
Халықтық республика Президентінің сайлауы қашан болды?
3. Қазақстанда неше облыс бар
4. Қазақстан ұлттық валютасының туған күні?
5. Қазақстанның Конституциясы қай жылы қабылданды?
6. Қазақстан неше елмен шектеседі?
7. Қазақстанда неше астана болды аттарын ата.
8. Балқаш көлі қазақстанның қай облысында?
9. Тәуелсіздік күнін қай күні мерекелейміз?
10. ҚазССР Президентінің Семей ядролық
Сынақ полигонын жабу туралы жарлығы қашан шықты?
2 - аялдама Мемлекеттік рәміздер
Ту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы, қабылданған күні?
2. Ресми тұсауы кесілген күні?
3. Авторы кім?
Елтаңба
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қабылданған күн?
2. Ресми тұсауы кесілген күн?
3. Авторлары кім?
Әнұран
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны қай жылы қабылданды?
2. Авторлары кім?
3 - аялдама Елбасы
1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2. Елбасымыздың туған жері? 3. Елбасының анасының аты?
4. Әжесінің аты?
5. Орта мектепті қашан бітірді?
6. Қай қалаға барып жұмысқа тұрады?
7. Қай жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыған?
8. Балалық шағымның аспаны атты фильмі кімнің балалық шағы туралы?
4 - аялдама Астана
Слайд - 1 Бәйтерек
Астана - Бәйтерек құрлысының түпкілікті нұсқасы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың эскиз - нобай негізінде дүниеге келген еді. Елбасы бұл нысанды символдық биіктігі 97метр 105 метр болатын ашылып келе жатқан қызғалдақ түрінде көрді.