1. Дүйсенбай Мақановтың өмір жолы бізге үлгі - өнеге
Қазақстан топырағынан майданға аттанған аяулы ағаларымыз бен апаларымыздың, оның ішінде майданда апат болған миллиондаған қыршындарымыздың, Жеңіс куәгері болып елге оралған соң дүниеден өткен 75000 – ға жуық жерлестеріміздің бүгінгі күні облыс бойынша көзі тірі 500 - ден астам соғыс ардагерлері қалды. Ұлы Отан соғысы кезінде біздің жауынгерлер де зұлым жаудан кек алуда от кешіп, оқ шайнап, қасық қаны қалғанша күресе білді. Сөз 1418 күн, 1418 түн соғыс даласында болып елге Жеңіспен оралған Дүйсенбай Мақанов атамыз туралы болмақ. Бұл тақырыпты таңдауыма Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында сыныпта өткен Қадірлейік, қарттарды, майдангерді атты тәрбие сағатым болды. Бұл сабақта мен сол кездегі Дүйсенбай ата туралы деректер жинастырған едім. Енді сол жұмысты әрі қарай жалғастыру мақсатында осы тақырыпты таңдадым. Мен ол кісі туралы мынадай мағлұматтар жинадым.
Дүйсенбай Мақанов 1909 жылы (тауық жылы) шілденің бірінші жұлдызында Қараөткел қаласының (қазіргі Астана) маңындағы Егіндібұлақ ауылында шағын шаруа отбасында дүниеге келген. Екі жасында жетім қалып, әркімнің есігінде жүріп өскен. Тоғыз жасынан қозы, қой, сиыр, жылқы баққан.
1927 жылы қаладағы кірпіш зауытына жұмысшы болып орналасады. Кейін 1930 - 1934 жылдарда Қарағандыдағы №3 шахтада кен қазушы, кеншілер бригадирі болып жұмыс істей жүріп, кешкі сауатсыздар, шаласауаттылар мектебін бітіріп шығады. Комсомол кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарына белсене қатысады. Келешегінен үміт күткен шахта басшылары оны 1934 жылы Алматы қаласына екі жылдық өлкелік кәсіподақтар мектебіне оқуға жібереді. 1936 жылы оқуын ойдағыдай бітіріп, Алматы облысы, Октябрь ауданы, Октябрь қой совхозына жұмысшылар комитетінің төрағасы болып қызмет істей бастайды. Кейін осы совхозда ферма меңгерушісі, совхоз директорының орынбасары қызметін 1942 жылға дейін атқарады. Өз еркімен 1942 жылы соғысқа аттанады. Сталинград әскери училищесін лейтенант атағымен бітіріп, соғыста рота командирінің орынбасары, пулеметшілер ротасының командирінің орынбасары, пулеметшілер ротасының командирі болады. Соғысты гвардия аға лейтенанты болып аяқтайды. 3 рет қатты жараланады. Кейін Берлиннің түбінде ауыр жарақат алып, 8 ай гипсте жатып, 12 рет операция жасалынады. 1945 жылдың аяғында 2 балдақпен ауылға оралады.
Дүйсенбай ата: Мен І Белоруссия майданында 2 гвардия танк армиясында командир рота болдым ғой. Яғни командир с танковой пулеметный ротадамын, пулеметті бір жағынан арқалап жүріп көтереміз. Пулемет ауыр, салмағы 78 кг тартады. Оны екіге бөліп көтереміз. Кейбір жас жігіттертер көтере алмай құлап жатады, жылайды. Қандай қорлықпен көтересің. Былайша айтқанда жан беріп, жан алып жүріп соғыстық. Өзімді аямадым. Қайткенде де жеңеміз,- дедім. Мен адамның көрмейтін нәрселерін көрдім., адамның өміріне керегі жоқ қырылып жатқан, аштықтан өлген адамдарды көрдім. Кейінгі ұрпаққа бұны көрсетпесін , - деп қинала еске алады.
- Соғыс және еңбек ардагерлеріне, әлеуметтік жағдайдың барлығы жасалған. Міне, бұл жағдай тек қана В. И. Ленин партиясы бастаған Совет елінде ғана болады. Мен өзімді ең бақытты адаммын деп санаймын. Өйткені мен Ленин партиясының басшылығымен өндірісте, шаруашылықты басқаруда, неміс фашистерін талқандауда тәнімен біткен күш – жігерімді, ақыл - ойымды, білімімді, шыбын жанымды аямай халқым үшін, қазақ халқының намысы үшін еңбек істедім, соғыстым. Алдыма қойған мақсатымды орындадым,- деп сөзін қорытады. [1]
Дүйсенбай Мақанов жұбайы Сақыш Жүнісқызы екеуі 1936 жылы үйленіп, бақытты ұзақ өмір сүрді. 63 жыл дәм - тұздары жарасып, өмірдің ащысын да, тұщысын да, жоғын да, барын да бірге көрген. Оның қарындасы Орынбасар, қыздары Клара, Роза, ұлы Төлеген, сүт кенжесі Мәдинаны асылдың сынығы ретінде білгеніміз дұрыс шығар.
2. Майдангер жүрген жолдар
Мадақтамалары: Отечественная война , Гвардия белгісі, За отвагу медалі, Красный звезды ордені, 20 лет Вооруженных Сил СССР , За Победу над Германий , С Великой Отечественной войне , 50 лет Вооруженных Сил СССР , Жеңістің 40 жылдығы , Жеңістің 50 жылдығы , Кеңес Одағының маршалы Г. К. Жуков медалі , Отечественная война орденімен т. б орден - медальдармен марапатталған.
3. Ерлігі дастан, есімі мақтан аға
1945 жылы соғыстан келгеннен кейін бір айдан кейін екінші топтағы мүгедектігіне қарамай, бұрынғы қызметіне директордың орынбасары болып жұмысқа кіріседі. 1946 жылы сол совхоздың директоры болып тағайындалады. 1948 жылы Қазақстан Орталық партия комитеті Д. Махановты бір жылдық совхоз директорларының курсына оқуға жібереді. Осы курсты ойдағыдай бітірген Мақанов Дүйсенбайды Орталық партия комитеті Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қой совхозына директор етіп тағайындайды. Осы совхозда 13 жыл жемісті қызмет істейді. Совхоз Одақта алдыңғы қатарлы Асыл тұқымды қой совхозы болды.
Бұл жылдар Қазалы совхозы үшін өте ауыр, сын уақыты еді. Жем - шөп қоры жоқтың қасы, еңбекшілердің әлеуметтік жағдайы нашар, терезесі жоқ, жартылай жерден қазылған тошала үйлер, малшылардың жағдайын білу үшін әрбір отарларды аралауға бір айдан аса уақыт кететін. Совхоздың жаңа қонысын темір жолдың Байқожа станциясының түстік жағындағы Сырдария өзенінің жағасынан таңдап, бұрын ел мекендемеген жерден құрылыс бастадық. Екі - үш жылда әсем ақталған, таза көрікті елді мекен бой көтерді. Жан - жақтан келушілер саны өсе түсті,- деп Дүйсенбай ата өмір жолдарындағы көргенін, басынан өткен оқиғаларды еске түсіріп отырып [2]
Толық нұсқасын жүктеу