Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
Балабақша тәрбиешісі
Эрмекова Ағилаш Реймбаевна
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Күз бояуы Қастек Баянбаевтың өлеңін жаттау
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың күз туралы түсініктерін жетілдіру.
Дамытушылық: Балалардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Өлең арқылы балалардың көңіл күйін көтеру, өлең оқу арқылы шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, мәнерлеп оқу, мадақтау, қорытынды.
Керекті құралдар: Суреттер, жануарлардың маскасы
Әрекет кезеңдер
Тәрбиешінің іс - әрекетті
Шаттық шеңбер құру
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Көк аспанда күн күлсін
Жерге ұдайы нұр құйсын
Көк аспанда күн күлсін
Ұл қолында ту жүрсін
Қыз қолында гүл жүрсін
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Мотивациялық қозғаушы
Балаларға проблемалық сұрақтар беру:
- Балалар күз деген сөзді естігенде қандай сөз айтқыларың келеді?
- Неге?
- Күз мезгіліне байланысты қандай сөзді үнемі қолданасыңдар? ( сары, алтын, жомарт, салқын т.б.)
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Балалар бүгінгі көркем әдебиет оқу іс - әрекетінде Қастек Баянбаевтың Күз бояуы атты өлеңін жаттаймыз.
1. Тақпақты оқып беру
2. Сұрақтар қою
- Балалар ақын бұл өлеңді не деп атаған?
- Балалар сендер қалай атар едіңдер?
Балалар сонымен бүгін бізге
Қ Баянбаевтың өлеңін жаттауға суретті схема көмектеседі.
Ізденуші ұйымдастырушы
Сергіту сәті
1. Тақпақты схема арқылы оқу.
2. Тақпақты жануарлардың дауыстары арқылы оқу (аю, қоян)
3. Тақпақты әр түрлі шапшаңдықпен оқу (бояу, тез)
4. Тақпақты әуен ырғағы арқылы жаттау.
Балалармен жеке жұмыс:
Балаларды тақтаға шығарып, жеке - жеке тақпақтар айту, жаттау.
Рефлексті коррекциялаушы - Балалар бізде қандай оқу іс - әрекет болды?
- Жылдың қай мезгілі туралы тақпақ жаттадық?
- Тақпақта не туралы айтылған?
- Біз тақпақты ненің көмегімен жаттадың?
Оқу іс - әрекетіне белсенді қатынасқан балаларды мақтау, мадақтау