Әбдібек ЖаманбаевЖасы алпысқа жетпей - ақ, Қара басып, қағындым

Скачать

Әбдібек Жаманбаев

Жасы алпысқа жетпей - ақ,
Қара басып, қағындым.
Екі аяқтан айырылып,
Төсегіме таңылдым.
Баратын жер азайып,
Кең дүние тарылдың.
Тасқа соққан толқындай,
Таудай талант шағылдың.
Еткен еңбек еш кетіп,
Көп нәрседен қағылдым,
Мен дегенде, жұмыстың
Есіктері жабылдың.
Ақырында тағдырдың,
Дегеніне бағындым.
Тумай жатып Құдірет
Мен өзіңе неғылдым?
Бір - бірінен аумайтын,
Зулаған жүйрік күндер - ай!
Жылап келіп өмірге,
Кетпеді сенен кімдер - ай?!
Не үшін келіп өмірден
Не деп кетіп барамыз,
Белгісіз өткен күндер ай?!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке


Скачать


zharar.kz