Қазақ әдебиеті 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: М Мағауин Бір атаның балалары (Повестен үзінді)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме) 6. 1. 1. 3. М Мағауин Бір атаның балалары шығармасы (повестен үзінді)
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Ұлы жазушы М Мағауиннің өмір жолын біледі;
• Бір атаның балалары шығармасындағы кейіпкерлерді атайды;
• Диалект, кірме сөздерді түсіндіреді ( фашист, раса, детдом т. б);
• Ахмет пен Зекеннің бейнесін ашады
Оқушылардың басым бөлігі:
• Кейіпкер іс - әрекеттерін бағамдайды.
Кейбір оқушылар:
• Ахмет пен Зекен туралы ой түйіп, қорытынды жасайды
• Ұл Отан соғысы жайлы айтып береді
Бағалау критерийі 1. Шығармадағы кәсіби, диалект сөздерге талдау жасайды;
2. Ахмет пен Зекеннің іс - әрекетін анықтайды.
Құндылықтарға баулу: Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.
Пәнаралық байланыс Лексика тарауы. Кәсіби сөздер. Диалект сөздер Кірме сөздер (5. 1.)
Алдыңғы оқу
М Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктері бар, шығармасының мазмұнын біледі
Сабақтың басы 7 мин
Зымыран сұрақтар әдісі
Оқушыларға жазушы М Мағауин туралы, Бір атаның балары повесі жайлы білімдерін жинақтау мақсатында әр топқа 2 - 3 сұрақтан қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек.
І топ: Әдебиетшілер тобына
1. Жазушы М Мағауин қай жылы қай жерде дүниеге келген?
2 Ахмет ақсақал мен Дәуренбек арасындағы түсініспеушілік неден туындады? Ауыл бойынша ойнаған ойын атауы?
ІІ топ: Зерттеушілер тобына
1 Соғысқа сол ауылдан қанша азамат қатысты?
2 Нартайды кім алды?
ІІІ топ: Мұхтартанушылар тобына
1. Зекен сиырларды егінге түсіріп жібергенде
Ахметпен жанжалдасқан кім?
2 Ахмет қай ауылға көшеді?
ІV топ Сыншылар тобына
1 Ертайды кім алды?
2 Балаларды ауылға не үшін алып келді?
Сабақтың ортасы 30 мин
Еркін жауап әдісі
Оқушылар топтаса отырып, түрлі әдістер арқылы М. Мағауиннің Бір атаның балалары повесін талдайды.
І топ: РАФТ стратегиясы
Р - Рөл (Шығармадағы кейіпкерлер)
А - Аудитория (Шығарма кімге арналған және қандай оқиғалар суреттелген?)
Ф - Форма (Шығарма формасы қалай берілген және (өлең түрінде ма?) неше бөлімге бөлер едің? Қандай бөлімге Атап бер?)
Т - Тақырып ( Шығарма тақырыбы не? Шығармада жазушы кім туралы, не туралы айтқысы келді?)
ІІ топ: Шығарманы құрылысына қарай талдау
Шығарманың аты -----
Авторы ---------------------
Шығарманың басталуы -----
Шығарманың дамуы -----------
Шығарманың байланысуы -------
Шиеленісуі -------------------------------
Шарықтау шегі ---------------------------
Шешімі ---------------------------------------
ІІІ топ М Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы Тұжырымдамалық карта
(Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына тоқталады)
ІV топ Фишбоун ( балық қаңқасы) әдісі арқылы шығармадағы негізгі мәселелер мен оны шешудің жолын табады
1) балықтың бас сүйегі - шығармадағы өзекті болып отырған негізігі мәселе
2) Қабырға сүйектері - мәселені шешу жолдары
3) Балықтың аяқ жағы – шығармадағы негізгі түйінді ой
№ 158 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Кетепова Жаухар
М Мағауин Бір атаның балалары (Повестен үзінді). жүктеу