Қазақ тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейрімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар, семантикалық кесте
Пән аралық байланыс: дүниетану, өзін - өзі тану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)
1. Оқушылармен амандасу.
2. Тілді жаттықтыру (сұрақтарға жауап беру)
- Бүгін қай күн? Қазір қандай сабақ? Біз қай тілде сөйлейміз? Бүгінгі күн қандай? Қазір көңіл - күйіміз қалай? ☺(жақсы)
Мұғалім, балалар (хормен)
Әрбір адам? Туысым, досым.
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.
- Балалар сабаққа дайынбыз ба? Үй тапсырмасына не берілді?
ІІ Үй тапсырмасы
ІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар жылдың қай мезгілі? (Қыс)
- Қыста ауа – райы қалай өзгереді?
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.
- Енді өздерің айтып шыққан сөздерің заттың несін білдіреді? (қимылын)
- Қазақ тілінде заттың қимылын білдіретін қандай сөз табы? (Етістік)
- Етістік қандай сұраққа жауап береді?
- Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: Етістіктің шақтары деп аталады.
- Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз?
Шақ дегеніміз – мезгіл, кезең,
Бақытты балалық шақ
Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді.
Өріктің сүйегін шақ.
- Тақтаға назар аударайық.
1 - слайд (Етістіктің үш шағына байланысты суреттер көрсету)
Әр суретке сөйлем құрап, іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.
1 - суретте іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
2 - суретте іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)
3 - суретте іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).
Ереже:
- Яғни, етістіктер іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Етістіктің үш шағы болады:
2 - слайд
Етістіктің шақтары
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.
Ақпанның сегізі.
Сынып жұмысы.
Етістіктің шақтары.
Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу жазбаша орындалады.
Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдерді бір бөлек, алдағы уақытта болатынын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек және қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазады. Етістіктердің астын сызады.
Іс - әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіретін сөйлемдер:
1 Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттің мәртебелі рәміздері 1992 жылы қабылданды.
2. Төле би бала кезінен шешендігімен елге танылды.
Іс - әрекеттің алдағы уақытта болатындығын білдіретін сөйлемдер:
1. Кешке теледидардан ақпарат хабарын тыңдаймын.
2. Біз Астанаға қол өнер бұйымдарының көрмесіне барамыз.
3. Ата бабалардың өсиеті ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.
Іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдер.
1. Марат ақын М. Мақатаевтың өлеңдер жинағын оқып отыр.
2. Сахнада Айгүл би ансамблі өнер көрсетіп жатыр.
3. Шетелде тұратын қазақтар атамекеніне оралып жатыр.
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады.
- Егер іс - әрекет қазіргі уақытта орындалып жатқан болса, онда оны осы шақ дейді. - Егер іс әрекет әлі орындалмағанын, келешекте орындалатынын білдірсе, онда ол келер шақ деп аталады.
- Ал егер іс - әрекет орындалып кетсе, онда ол өткен шақ деп аталады.
- Балалар, келесі сабақтарда етістіктің шақтарымен толық танысып өтеміз.
Жаңа тақырып бойынша алған білімдеріңді тереңдете түсу үшін топқа бөлініп, тапсырмалар орындаймыз.
Қар, су тамшылары(жаңбыр), бұлт үшеуінің біреуін таңдап алып, топтарға бөлу.
Қар – осы шақ, күн - келер шақ, бұлт - өткен шақ.
Топпен жұмыс
2 - жаттығу. Оқушылар бұл тапсырманы бірлесе орындау, ауызша сұрау. Берілген қима қағаздағы сөйлемдерден етістіктерді тауып, астын сызып, қай шақта тұрғандығын анықтау.
- Әр топтан сұралады.
Сергіту сәті.
Біз өнерлі баламыз. (өзін көрсетеді)
Шырқатып ән саламыз. (екі қолды жанына созады)
Би билейміз бұралып, (би қимылын көрсетеді)
Доспыз, тату боламыз. (барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді)
3 - жаттығу. Берілген үлгі бойынша етістіктерді үш жақта жазу.
Сөздер: сал, кел, бар, ал, жат, биле, секір, ойна
Слайдтан көрсету
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ
Қалған топ оқушылары осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құру
4 - жаттығу. Оқушылар мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын ашып, етістіктерің қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айтады.
III. Қорытынды. Сонымен балалар, етістіктің шағы дегеніміз не?
- Етістіктің неше шағы бар?
- Осы шақ іс - әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
- Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады?
Семантикалық кестені толтыру
№--- Мысалдар ---------- Осы шақ --------- Келер шақ ------------ Өткен шақ
1 Ол жазды
2 Сіз жазып отырсыз
3 Сұрақ қиын болды
4 Ол сонда оқымаған
5 Қар жауып тұр
6 Қыс суық болды
7 Ол келе жатыр
8 Кітап оқып отырмын
Жүректен жүрекке
- Мен сыныптас достарыма татулық тілеймін
- Мен сыныптас достарыма бірлік тілеймін.
- Мына келген қонақтарға табыс тілеймін!
Слайдтан көрсету
IV. Үйге тапсырма. Ереже жаттау.
V. Бағалау.